Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды

31 Мамыр 2021, 15:48
3451
Бөлісу:
Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Қарағанды облысының прокуроры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Игембаев Құсайын Абзалбекұлы тағайындалды.

Құсайын Игембаев 1962 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқық тану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1986 жылы Жезқазған қаласының прокуратурасында тергеуші болып бастаған.

Басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

Теміртау қаласының прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары, Бас әскери прокурордың орынбасары және бірінші орынбасары, Шығыс өңірінің Бас әскери прокуроры, Бас прокуратураның Департамент бастығы лауазымдарын атқарған.

Соңғы 4 жылда Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасын басқарған.

 

 

 

 


Өзгелердің жаңалығы