Солақай саясаттың құрбаны болып, аштық тауқыметін тартқан бабалар рухына тағзым – министр

31 Мамыр 2021, 14:10
3406
Бөлісу:
Солақай саясаттың құрбаны болып, аштық тауқыметін тартқан бабалар рухына тағзым – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 мамыр – XX ғасырдағы кеңестік биліктің тоталитарлық саясаты салдарынан саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлеріміз бен ашаршылық құрбандарын еске алатын тарихымыздағы тақсыретті күн, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Бірлігі кетіп, берекесі қашқан сол кезеңде халқымыздың жартысына жуығы құрбан болып, жарты миллионнан астамы бас сауғалап шет елдерге үдере көшуге мәжбүр болды. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын»,- деген ұжымдастыру ұранымен қазақты дəстүрлі тұрмысынан күштеп айырып, тұтас ұлтты жойып жібере жаздаған ашаршылық ешқашан ұмытылмайды.

Біз болашаққа бет бұрған мемлекеттің азаматтары ретінде 1920-1950 жылдары солақай саясаттың құрбаны болып, аштық тауқыметін тартқан бабаларымызды, жазықсыз жер құшқан қаншама қабырғалы тұлғаларымызды есте сақтап, рухына тағзым ететін боламыз.

Өткеннің өкінішті кезеңдерінде ұлт үшін басын бəйгеге тіккен нар тұлғалардың есімі ел есінде мəңгі сақталады. Тəуелсіздігіміз тұғырлы, Қазақ елі ғұмырлы болсын, - деп жазды министр.

Өзгелердің жаңалығы