Шығыс Қазақстанда екі аптада отыздан астам қару тәркіленді

31 Мамыр 2021, 18:29
2289
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда екі аптада отыздан астам қару тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында екі аптада полиция қызметкерлері отыздан астам қару тәркіледі, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оның үшеуі мылтық, үшеуі тапанша, төртеуі кесу құралы, 25 тегіс ұңғылы мылтық және 150-ден астам патрон. Тексерулер тек қалаларда ғана емес, сонымен қатар шаруа қожалықтары мен жайылымдық учаскелерде де жүргізілуде.

Жуырда ғана Катонқарағай ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен тіркелмеген «ТОЗ» маркалы мылтық тәркіленді. Сонымен қатар Көкпекті ауданындағы 36 жастағы омарташыдан жедел уәкілдер ұяның астына тығылған мылтық пен оның патрондары анықтады. Аягөз ауданындағы қысталардың бірін тексеру кезінде атуға жарамды 16 калибрлі мылтық тәркіленді. Ұлан ауданында орналасқан демалыс орындарының бірінен оқ-дәрілері бар шағын калибрлі мылтық табылды. Қазір тәркіленген барлық қару-жарақ криминалистикалық есептер бойынша тексеріліп, сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген ақпартта.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиевтің айтуынша, кездейсоқ қолға түскен қару ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сондықтан қазіргі уақытта заңсыз айналымнан шығару жұмыстары жандандырылуда.

Сонымен бірге полицияға тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен босатылатыны ескертілді.

Өзгелердің жаңалығы