Өскеменнің 28-ықшам ауданында тағы 50 тұрғын үйдің құрылысы басталды

31 Мамыр 2021, 23:05
2234
Бөлісу:
Өскеменнің 28-ықшам ауданында тағы 50 тұрғын үйдің құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі 28-ықшам ауданында облыстық «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды Altaynews.

Бұл ықшам ауданда 54 баспана бой көтерген. Тағы 50 үйдің құрылысы бастау алды. Үйлерді халыққа пайдалануға беру «Отбасы Банк» арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда 12 баспана сатылған.

Сондай-ақ ықшам ауданда абаттандыру бойынша да жұмыстар атқарылуда – электр желілері мен көше жарығы, кәріз жүйесі тартылуда, тротуарлар жасалып, жолдарға асфальт төселуде.

Асфалть төсеу жұмыстары 31 мамырға дейін аяқталуға тиіс еді. Алайда Өскемен әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, жұмыстар кестеден қалып қойған. Оның себебі – «Востоквзрывпром» ЖШС мердігері кәріз жүйесін жүргізу жұмыстарын ұзаққа созған.

Осы ретте шаһар басшысы құрылыс бөлімінің басшысына ескерту айтты. Мердігерлер байланыс желілері мен асфальт төсеуді 25 маусымға дейін аяқтауға міндеттелді.

Бұл талап орындалмаса, қатаң шаралар қабылдауға тура келеді, – деді әкім.

Бұдан бөлек, ықшам ауданда балалар бос уақытын өткізетін арнайы аймақ – футбол және спорт алаңдары салынады.


Өзгелердің жаңалығы