Елімізде 469 шомылу орны бар – ТЖМ

31 Мамыр 2021, 16:34
2321
Бөлісу:
Елімізде 469 шомылу орны бар – ТЖМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ОКҚ-да өткен брифингте елімізде қанша шомылу орны бар екенін айтты.

ТЖМ үнемі қауіпсіздік саласына, соның ішінде балалардың қауіпсіздігіні баса назар аударады. Халықта «Су мен от – тілсіз жау» деген жақсы сөз бар, - деп айтты ол.

Айтуынша, министрдің бұйрығымен республика бойынша өңірлерде жұмыс атқарылып жатыр. Барлық өңірде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың отырыстарында қаралды. Осы отырыстарда барлық мемлекеттік органға, мекемеге тиісті тапсырма берілді.

Елімізде 469 шомылу орны бар. Оның 118-і коммуналдық шомылу, 275-і жекеменшік демалу-шомылу орны. Халықтың қауіпсіздік мәселесіне оң көзқарас туындату мақсатында 640-тан астам интерактивті сабақ және 880-нен астам жиын, 89 брифинг, теледидар, радио арқылы 1160-тан астам ақпарат таратылды, - деп атап өтті Бауыржан Сыздықов.

Халыққа 115 мыңнан астам үгіт-насихат парақшалары, жадынамалары таратылды. Жоғарыда айтылған орындарда 3 392 қауіпсіздік белгілері орнатылды.

Сонымен қатар 6 150-ге жуық патрульдеу жұмыстары жүргізілді. Ол тыйым салынған шомылуға арналмаған орындарда ұйымдастырылды. Оған 16 300-ден астам қызметкер жұмылдырылды. Нәтижесінде 393 адамға әкімшілік айыппұл салынды, - деп толықтырды ТЖМ өкілі.

Өзгелердің жаңалығы