Елордада ұландықтар жоғалған баланы ата-анасына қайтарды

31 Мамыр 2021, 21:36
3159
Бөлісу:
Елордада ұландықтар жоғалған баланы ата-анасына қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен демалыс күндері Ұлттық ұланның елордалық әскери жасағы жоғалған баланы тауып, оны жақындарына тапсырды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

Достық көшесінде қызмет атқару барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Аркадий Ханға және патрульшілер қатардағы жауынгерлер Ерсұлтан Сәкен және Тимур Сансызбаевқа ер азамат өтініш білдірді. Ол алты жасар баласын жоғалтып алғанын хабарлап, оны іздеу бойынша көмек сұрады, - делінген хабарламада.

Бұл туралы қатардағы Аркадий Хан патрульдік топ басшысы мен көрші жасақтарға баяндайды.

Әскери қызметшілердің жедел іздестірулерінің арқасында адасқан бала сәтті табылды. Ер азамат 5573 әскери бөлімінің әскери жасағына баланы іздеудегі жедел әрекеттері үшін алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы