80 мың доллар. Орхидеялардан жасалған көйлек

31 Мамыр 2021, 22:45
1715
Бөлісу:
80 мың доллар. Орхидеялардан жасалған көйлек
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің рекордтар кітабының сарапшылары орхидеялардан жасаған қалыңдыққа арналған көйлекті 80 мың доллардан жоғары бағалады.

Гүлдерден тігілген ең қымбат көйлектің көрсетілімі Мәскеуде өтті. Ерекше киімнің қалай көрінетінін виедодан көре аласыз. 

Таңғажайып көйлекті төрт сағатқа жуық уақытта алты адам жасап шығарған. Флорист Наталья Слупскаяның айтуынша, тірі гүлмен жұмыс істеген өте күрделі болған және осындай «туындыны» жасап шығару үшін көп уақыт кеткен. 

Ең алдымен гүлді өңдедік, кейін арнайы желіммен желімдедік. Содан кейін оларды кептіріп, көйлекке тігіп шықтық. Бұл «зергерлік» туынды, - дейді ол. 

Бес мыңға жуық гүл шоғыры қолмен арнайы матаға тігілген. Наталья болашақта қалыңдыққа осындай көйлек тігу мүмкіндігі болады деп үміттенеді.


Өзгелердің жаңалығы