Маңғыстау облысында 190 браконьер ұсталды

31 Мамыр 2021, 23:35
1450
Бөлісу:
Маңғыстау облысында 190 браконьер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспийде өткен «Бекіре» операциясы кезінде 190 браконьер қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Өңірде заңсыз балық аулаушылармен екі айдан бері күрес жүріп жатыр. Бұл шараға Маңғыстау мен Атыраудың шекарашылары атсалысуда.

Бірлескен жұмыстың арқасында 500-ге жуық бекіре тұқымдас балық, 11 мың қара балық теңізге қайтадан жіберілді. Сонымен қатар ұзындығы 250 шақырымды құрайтын тор тәркіленіп, браконьерлердің қармағына іліккен 21 итбалық құтқарылды. Шекарашылар мемлекетке келетін 1 млрд теңге шығынның алдын алды.

Бүгінгі күні браконьер саны азаймай жатыр. Соған сәйкес әрі қарай Полиция департаментіне, инспекцияға шекара қызметінен көмек болады. Жалпы, заңбұзушылар – Қазақстанның азаматтары, Маңғыстау мен Атырау облысының тұрғындары. Браконьерлер қос моторлы қайықпен шығып, шекара катерлерінен қашып кете алмайды, – дейді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің МОБ жағалау күзет басқармасының бастығы Талғат Төребаев.

Өзгелердің жаңалығы