40 жастан асқан ер адамдарға не жеуге болмайды

31 Мамыр 2021, 22:15
9004
Бөлісу:
40 жастан асқан ер адамдарға не жеуге болмайды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 40 жастан кейін ер адамдар жеуге болмайтын тағамдардың тізімі жарияланды. 

Eat This, Not That басылымы 40 жастан асқан ер адамдарға жеуге болмайтын тағамдардың тізімін дайындады. 

Маргарин 

40 жастан асқан ер адамдарға не жеуге болмайды

Бұл өнімде қаныққан майлар бар, соның салдарынан қан тамырларының қабырғаларында холестериннің түйіршіктері пайда болады. Сонымен қатар сіз маргариннің құрамында  пропиленгликоль бар. Бұл холестеринді жоғарылатады және тез арада салмақ қосып аласыз. Маргаринді кәдімгі маймен алмастырған дұрыс немесе өсімдік майына, қосымша зәйтүн немесе кокос майына алмастырған дұрыс. 

Жасанды тәттілендіргіштер 

40 жастан асқан ер адамдарға не жеуге болмайды

Қантты ақ у деп атайды. Денсаулыққа пайдасынан қарағанда зияны көп. Бірақ тәттісіз өмір сүре алмайтындар не істеу керек? Бұл үшін жасанды тәттілендіргіштер бар, алайда ғалымдардың пікірінше, олар қантқа қарағанда әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін. Аспартам, сукралоза немесе ствеиозид сияқты жалпы алмастырғыштар салмақ, қант диабеті және басқа ауруларды тудырады. Оларды үйеңкі шәрбәтімен, балмен немесе алма шәрбәтімен алмастырған дұрыс. 

Газдалған сусын 

40 жастан асқан ер адамдарға не жеуге болмайды

Бұл қантты сусындардың құрамында улы заттар бар. 2014 жылғы зерттеуге сәйкес, олардың құрамындағы 4-метилимидазол (4-MEI) бар екені анықталды. Бұл қатерлі ісік ауруының қаупін арттыруы мүмкін. 

Тағамдық бояғыштар 

40 жастан асқан ер адамдарға не жеуге болмайды

Олар кондитерлік өнімдерге, кәмпиттерге және басқа да өңделген тағамдарға қосылады. Жасанды тамақ бояғыштарын өндірушілерге қолдануға рұқсат етілгеніне қарамастан, олардың құрамында қауіпті канцерогендер болуы мүмкін.  Оларды табиғи тағамдық бояғыштармен алмастырған дұрыс, мысалы үшін қызылша шырыны немесе көккөніс шырыны. 

Алкоголь

40 жастан асқан ер адамдарға не жеуге болмайды

Дәрігерлер 30 жастан кейін алкогольді азайтуға кеңес береді. 

Жеміс шырындары 

40 жастан асқан ер адамдарға не жеуге болмайды

Бұл пайдалы болып көрінетін сусындар іс жүзінде фруктозаға толы – табиғи қант.  Шырындарды күн сайын көп мөлшерде ішсеңіз, артық салмақ жинап аласыз. Ал артық салмақ   жүрек-тамыр жүйесі ауруларын, қант диабетін және метаболизмнің бұзылуымен байланысты басқа ауруларды тудыруы мүмкін. 

Тәтті тоқаштар 

40 жастан асқан ер адамдарға не жеуге болмайды

Әрине, кейде сіз өзіңізге кішкене десерт жеуге рұқсат бере аласыз. Бірақ 40 жастан асқан ер адамдарға тәттілерді жеуге шектеу қою керек. Бұл тағы артық салмаққа әкеледі және терінің сапасына әсер етіп, әжімдер пайда болады. 

Ет 

40 жастан асқан ер адамдарға не жеуге болмайды

Өңделген ет құрамында нитраттар мен консерванттар көп. Олар ас қорытуды бұзады, ішіңізге жел қабысуы мүмкін. Сондай-ақ, отқа қақталған еттің мөлшерін азайтқан дұрыс. Пісіру кезінде жоғары температураның әсерінен ашық отта өнімде гетероциклді аминдер және полициклді хош иісті көмірсутектер пайда болады.

Өзгелердің жаңалығы