Сыр еліне +1 жеңіс. Айсамал Сансызбаева әлем чемпионатында алтын еншіледі

31 Мамыр 2021, 22:01
3408
Бөлісу:
Сыр еліне +1 жеңіс. Айсамал Сансызбаева әлем чемпионатында алтын еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Facebook-тегі парақшасында барша Сыр жұртшылығы атынан спортшы қызды құттықтады.

Құтты болсын, Сыр елі! Айсамал Сансызбаева қызымыз да алтыннан алқа тағынып, әлем чемпионы атанды! Айсамалды жеңісімен барша Сыр жұртшылығы атынан қуана құттықтаймын! Кеше ғана Рахат Бекболаттың жеңісіне қуандық. Ауыр атлетикадағы ұл-қыздарымыз жарап тұр! Қыз балаға спорттың бұл түрін ауыр десек те, Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтеріліп, қоссайыс қорытындысы бойынша 258 (113+145) келіні бағындырған Айсамалдың жеңісін мақтаныш етеміз. Сонымен бірге, бокс спортында намысты қолдан бермей, 8 қызымыздың алтыннан алқа тағуы спорт тарихындағы бұрын болмаған жетістік, құтты болсын!, - деп жазды облыс әкімі.

Сыр еліне +1 жеңіс. Айсамал Сансызбаева әлем чемпионатында алтын еншіледі

Өзгелердің жаңалығы