Қазақстанда инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру болжамы жарияланды

31 Мамыр 2021, 15:03
10043
Бөлісу:
Қазақстанда инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру болжамы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2022-2023 жылдары Қазақстан экономикасына құйылатын тікелей шетел инвестициясының көлемі артады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты. 

Біздің болжамымызша, тікелей шетел инвестициясының құйылу қарқынының пандемияға дейінгі деңгейге оралуы 2022-2023 жылдардың түйісінде орын алады. Статистикаға сәйкес, 2020 жылғы тікелей шетел инвестициясының 90 пайызы 14 елге тиесілі болды. Олар: Еуропалық одақ елдері, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері. Ал өзге елдерге тікелей шетел инвестицияның қалған бөлігі тиесілі, - деді Алмас Айдаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәжілісінде.

Осыған байланысты Инвестициялар комитеті мен «KAZAKH INVEST» АҚ компаниясының министрліктің алдында міндеттері бар. Яғни тиімділік пен нақты нәтижелерге қол жеткізуден басқа, шетелдік тікелей инвестиция тарту қажет. 

Бүгінгі күні біз инвестицияларды тартудың үш деңгейлі жүйесін құрдық. Онда сыртқы периметр бойынша барлық шетелдік мекемелер үшін бес жылдық кезеңге арналған елдің инвестициялық бағдарламалары жасалған. Олар біз жұмыс істейтін және мақсатты болатын салалар мен компаниялардың санын көрсетеді. Бұл жеке жұмыс әдісі біздің елшіліктерге, мысалы, айына 150 мүдделі инвестормен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ең тартымды ұсыныстарды пысықтағаннан кейін 15-ке жуық мүдделі компаниялардың қысқаша тізімі жасалады. Олар кейіннен біздің әріптестеріміздің - салалық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің дамуына қосылады, - дейді вице-министр.

Ол инвестиция тартуға басты назар логистика, цифрлық және жасыл технологиялар, жаңа кен орындарын барлау сияқты шетелдік инвесторларды қызықтыратын салаларға аударылатынын атап өтті. Қазіргі жағдайды ескере отырып, фармацевтика, өндіріс және тамақ секторында қосымша күш салынады.

Өзгелердің жаңалығы