Нұр-Сұлтанға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

31 Мамыр 2021, 20:29
5078
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен демалыс күндері елорданың денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына отандық вакцинаның 6 мың дозасы жеткізілді. 

Яғни бірінші және екінші компоненттің әрқайсысынан 3 000 дозадан жеткізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазақстандық вакцина медициналық ұйымдарда да, СОО мен сауда үйлерінде де егілетін болады.

QazVac вакцинасы демалыс күндері жеткізілді. Бұл жолы вакциналар БМСК ұйымдарына, СОО жанындағы егу пунктеріне таратылды. Яғни, азаматтар QazVac-ты өз қалауы бойынша қаладағы вакцинациялау пункттерінен ала алады, — деп атап өтті басқарма хабарламасында.

Бүгінгі таңда елордада вакцинацияның 1 компонентін 170 мыңға жуық адам қабылдады. Ал басқарма қоймаларында «Спутник V» препаратының 1 компонентінің шамамен 12 мың дозасы және қытайлық Hayat Vax 1 компонентінің шамамен 18 мың дозасы бар.

 


Өзгелердің жаңалығы