Все новости за 9 сәуір 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елбасы ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Ханзада Филиптің қайтыс болуына байланысты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Патшайымы ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.
-
СҚО полицейлері интернет-алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері интернет-алаяқтық жасауда күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 55%-ға ұлғайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың екі айында БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 55%-ға ұлғайды.
-
Токио Олимпиадасы. Қазақстан 46-жолдаманы ұтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда күрес түрлерінен Токио Олимпиадасына жолдама үлестірілетін Азия құрлығының іріктеу бəсекесі басталды.
-
Орталық мемлекеттік архивтің директоры тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Сәбит Шілдебай Орталық мемлекеттік архивтің директоры қызметіне тағайындалды.
-
Румыниялық инвестор Қазақстанда пластмасса өнімдерін өндірмекші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Румыниялық инвестор Қазақстандағы пластмасса өнімдерін өндіру нарығында жетекші рөлге ие болуға дайын. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мусин сапалы интернетке қалай қол жеткізуге болатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын санына қарамастан, сапалы интернетті әр елді мекенге қалай жеткізуге болады? Бұл сұраққа Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жауап берді.
-
Тоқаев екі әкімнің есебін тыңдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау және Ақтөбе облыстарының әкімдері өңірлерде қалыптасқан қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды телефон арқылы баяндады.
-
Ауыл шаруашылығы министрі Израиль елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР АШМ басшысы Сапархан Омаров Израиль мемлекетінің бизнес өкілдерімен, Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Лиат Вексельманмен келіссөздер жүргізді
-
Қазақстан Оңтүстік Азия елдерімен әскери ынтымақтастықты дамытады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Үндістан Республикасына ресми сапар жасады.
-
Баспана кезегіне тұру үшін енді бума-бума құжат көтермейсіз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Мәжілісінің «Экономикалық реформа және өңірлік даму» комитетінің отырысында еліміздегі маңызды мәселелердің бірі - тұрғын үй мәселесі талқыланды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Самат Мусабаев мәлімдеді.
-
Шымкентке 30 000 доза вакцина жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді кез-келген қала тұрғыны жергілікті тіркелген емханасына барып, ковидке қарсы вакцина алуына болады. Бұл туралы бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.
-
Нұр-Сұлтандағы паралимпиадалық жаттығу орталығын онлайн аралауға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Паралимпиадалық жаттығу орталығы жұмыс істейді. Оған онлайн кіріп, секцияға жазылуға болады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Мамин «Роскосмос» басшысымен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ ғарыш саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылуымен танысты.
-
Түркістан облысында екпе салатын 80 пункт ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында жаппай вакцинация басталды. Осы орайда, коронавирусқа қарсы вакцина салдыру пункттерінің саны артты.
-
Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 сәуір күні Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Теңдессіз тарихи қадам Қазақстанның қасиетті топырағында жасалды – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағында Ю.Гагариннің ғарышқа алғашқы ұшуының 60 жылдығына арналған салтанатты мәжіліс өтті, деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
-
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелері бойынша кездесу өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелері және перспективалары бойынша онлайн кездесу өтті.
-
Елордадағы университет қызметкерлері баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Еуразия ұлттық университетінің 20 отбасылы қызметкеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан ипотекалық компаниясының екіжақты келісімі негізінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында пәтер кілттері табысталды.
-
Ұлыбритания патшайымының күйеуі ханзада Филипп қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эдинбург герцогі 9 сәуір, жұма күні таңертең Виндзор сарайында қайтыс болды. 10 маусымда ол 100 жылдығын атап өтуі керек болған еді.
-
Ақмолада жылжымалы егу пункттері ашылды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында қарапайым тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинамен тегіс қамту үшін егу пункттері ірі кәсіпорындар мен сауда үйлерінде ашылуда.
-
Мемлекеттік комиссия ашаршылыққа саяси баға беретін бола ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Приемер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов және Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы жауап берді.
-
Алкогольді сусындардың бағасы бір жылда 9%-ға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елде арақ, сыра және ликер сынды алкогольді ішімдіктер өндірісі өскен, сондай-ақ коньяк және шарап өндірісі керісінше қысқарған екен.
-
Аймағамбетов Кенесары ханның бас сүйегінің елге жеткізілетініне қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Кенесары ханның бас сүйегінің елге жеткізілетіні туралы тараған ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.
-
Ашаршылыққа қарсы көтеріліс ұйымдастырғандар жайлы білеріміз аз – Берік Әбдіғалиұлы
Нұр-Сұлтан, BAO.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясының жұмысы туралы брифингі барысында айтты.
-
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне бизнес өкілдерінің сенімі артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі алаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының нәтижелері туралы өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ИИДМ-дегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Болат Қасымов айтты.
-
Түркістан: Кеден бекетінде құны 5 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сарыағаш ауданында орналасқан «Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауарларды алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталған.
-
Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру артқан
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Санитария-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифингте айтты.
-
Ұлттық жоба ретінде қарау керек. Депутат қуғын-сүргін құрбандарының тізімін жасау туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісі кезінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы саяси қуғын-сүргін құрбандарының толық тізімін жасауға қатысты пікір білдірді.
-
11 025 ШОБ субъектісі «Saqtandyry» жүйесінде қызметкерлер дерегін жаңартпаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. МӘМС жүйесін іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі – азаматтарымыздың сақтандыру мәртебесі. Шағын және орта бизнес өкілдері азаматтардың жеңілдікке ие санатына жататын өз жұмыскерлері туралы деректі (ЖСН) msb.fms.kz сайтына енгізу қажет.
-
Репрессия құрбандарын ақтау үшін шетелдік мұрағаттарға қолжеткізу мәселесі шешілген бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмысы туралы брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді.
-
Комиссия аштық құрбандарының толық тізімін жасай ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-дегі онлайн брифингте аштық құрбандарының толық тізімін жасау күрделі мәселе екенін айтты.
-
Елде көп құжат «құпия» белгісімен сақтаулы, бұл ақтау жұмысына кедергі келтіруде – Берік Әбдіғалиұлы
Нұр-Сұлтан, BAO.KZ тілшісі. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясының жұмысы туралы брифингі барысында айтты.
-
Елде зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 20-дан астам Дағдарыс орталығы жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша дағдарыстық орталықтардың жұмысын талдайтын Республикалық жобалық кеңсенің жұмысы басталды.
-
«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы» Заң жобалары әзірленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-дегі онлайн брифингте саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелерін заңнамалық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілетінін айтты.
-
Елімізде 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады.
-
Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысына 57 ғалым тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның және өңірлік комиссиялардың ағымдағы жұмысы туралы брифингі барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
-
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау. Арнайы ғылыми бағдарлама әзірленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-дегі онлайн брифингте саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы айтып берді.
-
Елорда ауруханасында жасалған ерекше ота науқас өмірін сақтап қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы көпбейінді қалалық ауруханалардың бірінде дәрігерлер Кения-Майлстың бірегей отасын, яғни тік ішектің іш-перинальды экстирпациясын жасап, науқастың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
-
Тоғжанов саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша құрылған мемкомиссияның міндеттерін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-дегі онлайн брифингте саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы айтып берді.
-
Қарағанды облысына 24 мыңға жуық доза коронавирустық вакцина жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында 10 сәуірде коронавирустық инфекциядан халықты иммундаудың кең ауқымды науқаны басталады. 18 жастан асқан барлық адамдар екпе ала алады.
-
«МузАРТ» ансамблінің құрылғанына 20 жыл толды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «МузАРТ» ансамблін биыл құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтады.
-
Алматыда кіреберісте тұрған балалар арбасын өртейтіндер пайда болды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы ТЖ департаменті балалар арбаларының жаппай жануының жиілеп кеткенін мәлімдеп, дабыл қақты.
-
Вакцина салдырғаннан кейін жүктілікті жоспарлау үшін қанша уақыт өтуі керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты.
-
Зейнетақыға үстемеақы төленетіні туралы ақпарат жалған - министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар мамыр айында барлық зейнеткерлер зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде үстемеақы алатыны туралы хабарламаны таратуда. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған екен. Бұл фейк.
-
Біздегі вакциналар вирустың мутацияланған түріне қарсы тұра алады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір салынып жатқан «Спутник V» вакцинасы коронавирустың мутацияланған штаммдарына қарсы тұра алады.
-
Бір адам бірнеше вакцина түрін салдыра ала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте профессор, медицицина ғылымдарының докторы,«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры, ҚР ДСМ-нің штаттан тыс инфекционист-дәрігері Бақыт Көшерова айтты.
-
Сәуірде Алматыға 400 мыңға жуық вакцина жеткізілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты.
-
Түркістан облысындағы жайылымдарды 100% сумен қамтитын жоба жүзеге асырылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, су шаруашылығы нысандарының жағдайымен танысты.
-
Орталық Азиядағы БҰҰ ЕҚБ пен Антикор жемқорлыққа қарсы күресті талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының тұрақты өкілі Ашита Миттал ханымның бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен онлайн кездесу өтті.
-
Байқоңырдан «Гагарин» кемесі ғарышқа аттанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Союз МС-18» әуе кемесі ұшырылды.
-
Егде жастағы адамдар міндетті түрде екпе салдыруы қажет - дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте профессор, медицицина ғылымдарының докторы,«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры, ҚР ДСМ-нің штаттан тыс инфекционист-дәрігері Бақыт Көшерова айтты.
-
Маман Қазақстанда жасалған вакцинаны ерте пайдаланудың себебін түсіндірді
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Закарья вакцина әзірлеудегі клиникалық сынақтар туралы айтты.
-
Норвегиядағы қарттар үйінде екпеден кейін вирус ошағы табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вирус жұқтырғандар екі ай бұрын коронавирустық инфекцияға қарсы Pfizer және BioNTech вакцинасының екінші дозасын алған.
-
«Союз МС-18». Бізге үлкен міндет жүктеліп отыр - Олег Новицкий
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Союз МС-18" әуе кемесі ұшырылмақ. Ол тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің құрметіне аталған.
-
Алматы маңында жер сілкінді
Алматы, BAQ.KZ. «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 2021 жылғы 9 сәуірде Алматы уақытымен 11 сағат 54 минутта сезімділігі жоқ жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 290 шақырым жерде, Алматы облысы Райымбек ауданының таулы аумағында орналасқан.
-
Елордада сауда орталығында вакцинациялау пункті ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордада сауда орталығында вакцинациялау пункті ашылатынын айтты.
-
Қазақстанда интернет-тәуелділіктің алдын алуда халықаралық тәжірибе зерделенеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов «Жастар мен балалар арасында интернет-тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасының басталуына арналған баспасөз-конференциясы барысында мәлімдеді.
-
Үшінші елдерден уақытша әкелінген көліктердің ЕАЭО аумағында болу мерзімі ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі ағымдағы жылдың 5 сәуірінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдары бойынша уақытша әкелу мерзімдерін 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
-
Коронавирус: Елордада 95 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордада жансақтау бөлімінде 95 адам ем қабылдап жатқанын айтты.
-
Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды.
-
Имам ораза ұстайтындарға сәресін жіберіп алмауға кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов әкімдікте өткен онлайн брифингте ораза ұстаушыларды сәресін жіберіп алмауға шақырды.
-
Байқоңырдан «Ю.А. Гагарин» кемесі ұшырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқоңыр ғарыш айлағынан «Ю.А. Гагарин» кемесі ұшырылады (Союз МС-18).
-
Анықтамасыз келген 21 жолаушының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 8 сәуірінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты ұсынды.
-
Биыл СҚО-да 8 туристік нысан ашылады
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Бұлар негізінен Шалқар-Имантау курорттық аймағында пайдалануға берілетін демалыс орындары.
-
Моңғолия бірінші мамырда әуе шекарасын ашпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия әуе рейстерін жандандырмақ, алайда ұшуға және елге кіруге тек вакцина алған адамдарға рұқсат беріледі. Бұл туралы centralasia.media жазды.
-
Елорда мешіттерінде Тарауих намазы оқылмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Рамазан айында елорда мешіттерінде Тарауих намаздары мен Жұма намаздары оқылмайды, ауызашар рәсімдері өткізілмейді.
-
Археологтар Египеттен 3 мың жыл бұрын болған қаланы тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Захи Хавасс бастаған мысырлық археологтар 3000 жыл бұрын құм астында жоғалып кеткен Луксордың жанындағы ежелгі қаланы тапты. Бұл туралы мысырлық Ahram Online газеті хабарлады.
-
Бүркіт Бекмағамбетов: Радио – халықтың ұстазы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ радиосының 100 жылдығына орай ардагер журналистермен әңгімелесуді жалғастырайық. «Ғасыр күнделігі» айдарының бүгінгі қонағы белгілі диктор Бүркіт Бекмағамбетов.
-
Алматыда вакцина салынып жатқан сауда үйлерінің тізімі жарияланды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы емханалардан бөлек, вакцина салу кабинеттері ашылған нысандардың тізімін жариялады.
-
Коронавирус: «Сары» аймаққа тағы екі облыс қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Жүре алмайтын адамдар вакцинаны қалай салдырады?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова онлайн брифинг барысында мүгедектігі бар адамдар коронавирусқа қарсы вакцинаны қалай салдыратынын түсіндірді.
-
АҚШ-та жағымсыз реакцияларға байланысты екі вакцинация орталығы жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Johnson & Johnson вакцинадан туындаған жанама әсерлерге байланысты кез келген ақпаратты мұқият зерделеуге ниетті.
-
QazCovid-in және QazVac. Екеуі екі бөлек вакцина ма?
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Закарья қазақстандық вакцинаның атауына қатысты пікір білдірді.
-
СҚО-да жабайы аңдарды қорғау жұмыстары жүргізілуде
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен 3 айда бұл шаруашылықтарда жабайы аңдарға 5228,4 центнер шөп, 7051,85 центнер дәнді дақыл мен 206591 бума жапырақ және 13469 келі тұз шашылған.
-
Вакцина салдыру үшін қайда бару керек
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова онлайн брифинг барысында коронавирусқа қарсы вакцина салдырудың алгоритмін түсіндірді.
-
Латвия президенті жол апатына ұшырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рига қаласындағы жол қиылыстарының бірінде елдің мемлекет басшысының Lexus LS көлігі өзінің күзет қызметінің Volkswagen Touareg көлігімен соқтығысқан.
-
Қазақстандық вакцина неге ресейліктен кеш әзірленді?
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Закарья қазақстандық QazCovid-in вакцинасы неге ресейлік «Sputnik V» вакцинасынан кейін әзірленгенін айтты.
-
Мамин британиялық компаниямен елдегі спутниктік интернетті дамытуды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин «One Web» британиялық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Сунил Митталды қабылдады.
-
КВИ мен пневмониядан 22 адам ажал құшты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 9 сәуірдегі ақпаратты ұсынды.
-
Кубада коронавирустың бес түрлі мутациясы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кубада коронавирустың 5 түрлі жаңа мутациясы анықталды, деп хабарлайды 24.kz.
-
1786 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1786 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirs2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 2440 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 2440 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 сәуір күні Польшада бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталады. Бапкерлер әйелдер арасындағы сында жұдырықтасатын спортшыларды атады, деп жазады olympic.kz.
-
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 600-ден астам карантин тәртібі бұзылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантиндік шектеу шараларын сақтамаудың жолын кесу бойынша мобильді топтар күн сайын елордада карантин бұзушыларды анықтайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
NASA алғаш рет Марстағы ауа райын жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Марстағы Jezero кратеріндегі ауа райы жайлы алғашқы есебін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz NASA сайтына сілтеме жасап.
-
ШҚО-да заңсыз балық аулаған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Көкпекті аудандық полиция бөліміне Зайсан көлінің жағасында орналасқан Тассай ауылының тұрғындары заңсыз балық аулайтыны туралы жедел ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды altaynews.kz.
-
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған топқа қатысты сот үкімі шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған топқа қатысты сот үкімі шықты. Unnity corporation ұйымын басқарған Қуаныш Жақсыбаев алты жарым жылға, ал оның тоғыз сыбайласы бес жылдан жаза арқалады, деп хабарлады aikyn.kz.
-
Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында карантиннің шектеу шараларын күшейту туралы өңірдің бас санитарлық дәрігерінің кезекті қаулысы шықты, деп хабарлайды zakon.kz.
-
«Реал» президенттігіне үміткер Рикельме Роналдуды командаға қайтаратынын мәлімдеді
Нұр-сұлтан, BAQ.KZ. «Реал» клубының президенті болуға үміткер испаниялық бизнесмен Энрике Рикельме қандай жоспары бар екенін айтты.
-
Space X компаниясы ғарышқа 60 спутник ұшырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Спейс-Икс» компаниясы ғарышқа 60 шағын жерсерігін аттандырды, деп хабарлайды 24.kz.
-
Қазақстан электролиз зауыты өндірген алюминий көлемі 3 миллион тоннаға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов металлургтерді осы өндірістік жетістіктерімен құттықтады. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Наверх