АҚШ-та жағымсыз реакцияларға байланысты екі вакцинация орталығы жабылды

9 Сәуір 2021, 10:27
1220
Бөлісу:
АҚШ-та жағымсыз реакцияларға байланысты екі вакцинация орталығы жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Johnson & Johnson вакцинадан туындаған жанама әсерлерге байланысты кез келген ақпаратты мұқият зерделеуге ниетті.

АҚШ-та Johnson & Johnson препаратымен коронавирустық инфекцияға қарсы екі жаппай вакцинация орталығы бірнеше ондаған адамда анықталған жағымсыз реакцияға байланысты жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы 8 сәуірде Wall Street Journal басылымы жазды.

Солтүстік Каролина мен Колорадо штаттарында вакцинация орталықтары жұмысын тоқтатты.

Біріншісі вакцинацияланған адамдар арасында жанама әсерлердің 18 жағдайынан кейін жұмысын тоқтатты. Екінші орталық вакцинацияланған он адамның шағымынан кейін уақытша жабылды. Оларда бас айналу, жүректің айнуы сияқты белгілер байқалған, - делінген хабарламада.

Johnson & Johnson компаниясының өкілі вакцинадан туындаған жанама әсерлерге байланысты кез келген хабарламалар туралы ақпаратты мұқият зерттеп жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы