Вакцина салдыру үшін қайда бару керек

9 Сәуір 2021, 09:50
2274
Бөлісу:
Вакцина салдыру үшін қайда бару керек

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова онлайн брифинг барысында коронавирусқа қарсы вакцина салдырудың алгоритмін түсіндірді.

Оның айтуынша, Алматы тұрғындары медициналық ұйымда тіркеуде тұрғанына қарамастан үйіне жақын жердегі вакцина егу орындарына барып, екпе салдыра алады. Қазір қалада 56 ұйымда екпе салу жұмысы жүргізілуде, ол жерде жоспарлы және жедел екпе салу кабинеттері ұйымдастырылған.

Жоспарлы дегеніміз электронды үкімет порталы арқылы тіркеліп келгендер. Егер вакцина салдырғыңыз келсе, емханаға барып, қайда салдырам деп іздеудің қажеті жоқ. Тек Egov порталына кіріп алдын ала жазылсаңыз, болғаны. Кейін емхана қызметкерлері белгілі бір уақытты сізге арнайды, ол смс хабарлама болып келеді. Сонда көрсетілген уақытпен барып, екпені салдыра аласыз, - дейді ол.
Ал электронды үкімет порталына тіркеле алмайтын азаматтар үшін поликлиника мен басқа да екпе салу орындарында жедел вакциналау орындары құрылған. Бұл әсіресе смартфон ұстамайтын немесе белгілі бір себептермен порталға кіріп тіркеле алмайтын адамдарға арналған. Егер алдын ала жазылмаған болсаңыз, үй маңындағы базарлар мен сауда орындарындағы екпе салу орнына барып, вакцина салдыра аласыз. Алайда қолыңызда жеке куәлігіңіз болу керек.

Ысқақова вакцинаның бірінші компонентін салдырған соң қайта тіркелудің қажеті жоқ дейді. Өйткені вакцина алғаны туралы сол жерде тіркеледі және 21 күннен кейін қай кезде және қай жерге келіп, вакцинаның екінші компонентін салдыру туралы хабарлама келеді.

Өзгелердің жаңалығы