Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған топқа қатысты сот үкімі шықты

9 Сәуір 2021, 04:26
1087
Бөлісу:
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған топқа қатысты сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған топқа қатысты сот үкімі шықты. Unnity corporation ұйымын басқарған Қуаныш Жақсыбаев алты жарым жылға, ал оның тоғыз сыбайласы бес жылдан жаза арқалады, деп хабарлады aikyn.kz.

Бұл пирамиданың ісі осыдан төрт жыл бұрын әшкере болған еді. Басшысы Қуаныш Жақсыбев елде жоқ мобильді қосымша ойлап тапқанын айтып 40 мыңға жуық адамнан ақша жинаған. Жұртқа түскен табыстан дивиденд алып тұрасыңдар деп сендіреді. Оның алаяқтығы белгілі болған бойда қамауға алынып, екі жыл бұрын сотталған еді. Кейін қаржылық пирамиданы жалғыз өзі емес, сыбайластарымен бірге құрғаны анықталып, тергеу қайта басталған.

Өзгелердің жаңалығы