Түркістан облысында екпе салатын 80 пункт ашылды

9 Сәуір 2021, 19:54
1323
Бөлісу:
Түркістан облысында екпе салатын 80 пункт ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында жаппай вакцинация басталды. Осы орайда, коронавирусқа қарсы вакцина салдыру пункттерінің саны артты. 

Бұған дейін облыс бойынша 50 медициналық мекемелерде инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазір екпе егу пунктерінің саны 80-нен асты. Ал, Түркістан қаласында 1-ден 10-ға дейін  көбейді. Егу пункттері барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген және санитарлық талаптарға сәйкес келеді.

Өңірге тағы 10 мың доза Спутник-V вакцинасы келіп жетті. Қатерлі індетке қарсы екпені 24  мыңға жуық адам қабылдады. Оның 14 538 медициналық қызметкер болса, 6700 педагогтар мен 621 полиция қызметкерлері. Бұдан бөлек өзге топтағы – 668. Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация)  10 415 адам вакцина салдырды. Екінші рет медицина мамандары – 8496. Мұғалімдер – 1465 болса, құқық қорғау органдары – 347.  Өзгелер – 29, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте  Түркістан облысында 23 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,49 % құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 592 374 ПТР- сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте  зертханаларда 3233 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар, олардың 357 бос.

Түркістан облысына қарасты вакцина сақтайтын қоймасына көлемі 601 литр құрайтын 2 мұздатқыш жеткізілді. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литр құрайтын 20  мұздатқыш жеткізілді. Вакцинация жүргізуге арналған 65 пунктер толық тоңазытқышпен жабдықталған. Бұдан бөлек, вакцинаны тасымалдайтын көлемі 50 литр құрайтын 38 термоконтейнер толық қамтамасыз етілді.


Өзгелердің жаңалығы