Ұлыбритания патшайымының күйеуі ханзада Филипп қайтыс болды

9 Сәуір 2021, 18:20
1312
Бөлісу:
Ұлыбритания патшайымының күйеуі ханзада Филипп қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эдинбург герцогі 9 сәуір, жұма күні таңертең Виндзор сарайында қайтыс болды. 10 маусымда ол 100 жылдығын атап өтуі керек болатын.

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің жары ханзада Филип 99 жасында қайтыс болды. Бұл туралы 9 сәуірде Букингем сарайының ресми сайтында жарияланды.

Мәртебелі Патшайым сүйікті жары, Эдинбург герцогі, Корольдіктің мәртебелі ханзадасы Филипптің қайтыс болғанын қатты қайғырып жариялайды. Мәртебелі ханзада бүгін таңертең Виндзор қабырғасында көз жұмды, - делінген сарайдың хабарламасында.

Ақпан айында Эдинбург герцогі инфекциямен ауруханаға түсті, ал 3 наурызда оның жүрегіне ота жасатқаны белгілі болды.

Маусым айында Филипп Маунбеттен жүз жасқа толар еді. Ол 2017 жылы қоғамдық іс-шараларға қатысуды тоқтатты.

Өзгелердің жаңалығы