«МузАРТ» ансамблінің құрылғанына 20 жыл толды

9 Сәуір 2021, 15:07
2744
Бөлісу:
«МузАРТ» ансамблінің құрылғанына 20 жыл толды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «МузАРТ» ансамблін биыл құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтады.

Министр өз сөзінде алғашында трио болып құрылып, ұдайы өсу, шарықтау арқылы бүгін де халықтың сүйікті ұжымына айналған ансамбл екенін атап өтті.

Ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығымен тұса-тұс келген бұл мерейтой қазақ əн өнерінің дамуын айғақтайды. Өнерге деген ерекше іңкəрлікпен қазақ мəдениетіне риясыз қызмет етіп келесіздер, - деп айтты мәдениет саласы басшысы.

Райымқұлова айтып өткендей, топтың орындауындағы патриоттық әндер ел егемендігін асқақтатып, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық сезімін ұялатады.

«Өз елім», «Шынарым», «Шашбаулым», «Қазақтай ел қайда», «Сағындым Алматымды», «Үшқоңыр» жəне өзге де əндеріңіз қаранар халқымызбен бірге жасай берсін. Алдағы уақытта да көңілдің нәзік қылын шертер əндеріңіздің қатары көбейіп, тыңдармандарыңызды қуанта беріңіздер, - деп тіледі ол.
Өзгелердің жаңалығы