Кубада коронавирустың бес түрлі мутациясы анықталды

9 Сәуір 2021, 08:50
1114
Бөлісу:
Кубада коронавирустың бес түрлі мутациясы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кубада коронавирустың 5 түрлі жаңа мутациясы анықталды, деп хабарлайды 24.kz.

Мұнан бөлек дәрігерлер аралда «оңтүстік африкалық» және «калифорниялық штамдардың» тез тарап бара жатқанын айтады. Әсіресе вирус жұқтырғандар елдің батысында көп. Негізі қазір Кубада жергілікті екі вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің соңғы кезеңі жүріп жатыр. Бұл жұмыс бірер күнде аяқталуы тиіс.

Біздің вакциналарымыздың тиімділігі жоғары болатынына еш күмәнім жоқ. Өйткені клиникалық сынақтың алғашқы екі кезеңі кезінде алынған нәтижелер осыны айғақтайды, – дейді фармацевтикалық компанияның директоры Эдуардо Мартинес.

Өзгелердің жаңалығы