Елімізде 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

9 Сәуір 2021, 15:56
1355
Бөлісу:
Елімізде 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 321 кәсіпорнында 6,4 мың жұмыскердің алдында 1,007 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 254 нұсқама беріліп, 27,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 947,9 млн теңге төленді.

Өзгелердің жаңалығы