Қазақстанда интернет-тәуелділіктің алдын алуда халықаралық тәжірибе зерделенеді

9 Сәуір 2021, 13:03
2049
Бөлісу:
Қазақстанда интернет-тәуелділіктің алдын алуда халықаралық тәжірибе зерделенеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов «Жастар мен балалар арасында интернет-тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасының басталуына арналған баспасөз-конференциясы барысында мәлімдеді.

Іс-шараға ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқармасының төрайымы Лима Диас, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ төрайымы Динара Сәдуақасова және 2020 жылғы жобаның бенефициарлары қатысты.

Шахмардан Байманов өз сөзінде жастар мен балалар арасындағы интернет-тәуелділік пен құмар ойындардың теріс салдары туралы айта келе, осы мәселені шешу үшін грант алушылардың назарын халықаралық тәжірибеге аударуды және халықаралық заңнамаға талдау жасауды ұсынды.

АБҚО-ның басқарма төрайымы Лима Диас жобаның алдында маңызды институционалдық міндеттер қатарында интернет-тәуелділіктің, жастар мен балалар арасындағы құмар ойындар мен кибербуллинг проблемаларының алдын алу бойынша талдамалық баяндама дайындау қажеттілігін айтты.

Брифинг барысында «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер» ұйымының қызметкері Бағлан Серік Интернетке тәуелділікті, құмар ойындар мен кибербуллингті анықтау мақсатында Қазақстанның барлық өңірінде тиісті аудитория арасында фокус-топтар өткізілетінін айтты. Оның қорытындысы бойынша фокус-топтар жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік, құмар ойындары және кибербуллинг деңгейі жоғары өңірлер анықталатын болады.

Жобаны іске асыру шеңберінде барлық өңірде Кибербуллингтің немесе құмар ойындарды насихаттау бойынша анықталған фактілерге сәйкес белсенді көшбасшыларға жіберілетін жеделхат негізінде арнайы топтар өз жұмысын бастайды. Жіберілген ақпарат өңделіп, жергілікті атқарушы органдарға жолданатын болады.

Іс-шара аясында анықталатын кері мазмұнды сайттар бұғаттауға ұсынылады және ол тізім әрі қарай жұмыста пайдалану үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі, - деп өз сөзін қорытындылады спикер.

Айта кету керек, өткен жылы аталған жоба жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдер арасында интернет-тәуелділікті анықтау әдісі және интернет-тәуелділіктің алдын алуға арналған педагог-психологтардың қызметіндегі түзету жұмыстары сияқты тақырыптар бойынша психологтар мен мектеп әдіскерлеріне арналған оқыту семинарлары өткізілді.

Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.


Өзгелердің жаңалығы