Елорда ауруханасында жасалған ерекше ота науқас өмірін сақтап қалды

9 Сәуір 2021, 15:40
1510
Бөлісу:
Елорда ауруханасында жасалған ерекше ота науқас өмірін сақтап қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы көпбейінді қалалық ауруханалардың бірінде дәрігерлер Кения-Майлс­тың бірегей отасын, яғни тік ішектің іш-перинальды экстирпациясын жасап, науқастың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Науқас он күн бойы өзін нашар сезініп, үйде болған. Ауыр жағдайда, ішектен қан кетіп, жоғары қан қысымымен шұғыл түрде жедел жәрдем бригадасымен қалалық ауруханаға жеткізілген.

Қабылдау кезінде колоноскопия жүргізіліп, науқаста тік ішектің циркулярлық қатерлі ісігі бары анықталды. Пациенттің ауыр жағдайына, тасымалдау кезінде өліп кету қаупіне байланысты оны онкологиялық орталыққа ауыстыру мүмкін болмады.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының штаттан тыс хирургі Батыр Айтмолдинның басшылығымен шұғыл түрде консилиум өткізіледі де ота жасауға шешім шығарылады. Дәрігерлер 3 сағат бойы күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалады.

Бұл ота біздің ауруханамыздың жағдайында колоректальды қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға ота жасауға дайын екенімізді түсінуге мүмкіндік берді және жақын арада стомацияланған науқастарға арналған кабинет ашылады, - деп атап өтті Батыр Айтмолдаұлы.

Дәрігерлер тәуекел еткен ерекше ота сәтті өтіп, науқастың жағдайы дұрыстала бастаған.

Өзгелердің жаңалығы