Қарағанды ​​облысына 24 мыңға жуық доза коронавирустық вакцина жеткізілді

9 Сәуір 2021, 15:21
1207
Бөлісу:
Қарағанды ​​облысына 24 мыңға жуық доза коронавирустық вакцина жеткізілді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында 10 сәуірде коронавирустық инфекциядан халықты иммундаудың кең ауқымды науқаны басталады. 18 жастан асқан барлық адам екпе ала алады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы Бибігүл Төлегенованың айтуынша, аймаққа 23 740 доза вакцина келіп түскен.
Алдағы үш күнде тағы 55 мың доза түседі. Бұрын 30 егу кабинеті бар 13 вакцинация орталығы жұмыс істейтін. Қазір біз вакцинаны біртіндеп орталық аудандық ауруханаларға, аудандарға және басқа қалаларға таратамыз. Барлық қарағандылық тұрғылықты жері бойынша екпе ала алады, - деп түсіндірді Бибігүл Төлегенова.
Иммундау Қарағанды фармацевтикалық кешені өндірген "Спутник-V" вакцинасымен жүзеге асырылады. Бір флакон 5 адамға шақталған, сондықтан алдын ала жазылу қажет.

Вакцинациялауға өтінімді тіркелген жері бойынша емханада телефон арқылы, сондай-ақ eGov mobile мобильдік қосымшасында ("вакцинациялауға жазба") беруге болады.

Вакцинация орталықтарының телефондары мен орналасқан жерлері көрсетілген тізім Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының сайтында орналастырылған.


Өзгелердің жаңалығы