Space X компаниясы ғарышқа 60 спутник ұшырды

9 Сәуір 2021, 01:11
1402
Бөлісу:
Space X компаниясы ғарышқа 60 спутник ұшырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Спейс-Икс» компаниясы ғарышқа 60 шағын жерсерігін аттандырды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл ғарыш құралдары интернет желісін тартуға арналған.

Зымыран АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан жіберілген. Бұл «Спейс-Икс» ғарыш құралдарының биыл 10-рет көкке көтерілуі. 

Компанияның негізін қалаушы Илон Масктың жоспары бойынша орбитадағы интернет жерсеріктерінің саны 1 мың 440-қа жеткізілмек. Бұл жоба «Стар Линк» деп аталады.


Өзгелердің жаңалығы