Елде зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 20-дан астам Дағдарыс орталығы жұмыс істейді

9 Сәуір 2021, 16:15
2138
Бөлісу:
Елде зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 20-дан астам Дағдарыс орталығы жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша Дағдарыс орталықтарының жұмысын талдайтын Республикалық жобалық кеңсенің жұмысы басталды.

АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы Шахмардан Баймановтың айтуынша, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ-мен бірлесіп тұрақты негізде отбасылық құндылықтарды насихаттау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруда.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған 20-дан астам дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Олардың жұмысы талданады және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жауапты уәкілетті органдарға нақты ұсыныстар беріледі деп жоспарлануда.

Жобаны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грантын пайдалану арқылы АҚДМ тапсырысы бойынша «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» қоғамдық қоры жүзеге асырады.


Өзгелердің жаңалығы