Токио Олимпиадасы. Қазақстан 46-жолдаманы ұтты

9 Сәуір 2021, 22:41
1987
Бөлісу:
Токио Олимпиадасы. Қазақстан 46-жолдаманы ұтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда күрес түрлерінен Токио Олимпиадасына жолдама үлестірілетін Азия құрлығының іріктеу бəсекесі басталды. 

Турнирдің алғашқы күні 97 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтан Тұрсынов жартылай финалда Азия чемпионы үндістандық Сунил Кумарды (9:3) жеңіп, Токио Олимпиадасының жолдамасына ие болды.

Осылайша грек-рим күресі шеберлері жолдама санын үшеуге жеткізді. Бұған дейін Асхат Ділмұхамедов (74 кг) пен Мейрамбек Айнағұловтың (60 кг) Жапония астанасына баратыны белгілі болған.

Бұл Қазақстан құрамасының еншісіндегі 46-шы жолдама.

Өзгелердің жаңалығы