Аймағамбетов Кенесары ханның бас сүйегінің елге жеткізілетініне қатысты пікір білдірді

9 Сәуір 2021, 17:37
6976
Бөлісу:
Аймағамбетов Кенесары ханның бас сүйегінің елге жеткізілетініне қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Кенесары ханның бас сүйегінің елге жеткізілетіні туралы тараған ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.

Білім және ғылым министрлігіне ресми ақпарат келген жоқ. Ол азаматтың (Зиябек Қабылдинов – Baq.kz) жеке парақшасында жазған ойы, ақпараты. Сондықтан бұл сұрақты нақтылап жатырмыз, - деді министр.

Министрдің сөзінше, Кенесары ханның бас сүйегінің елге жеткізілетіні туралы ресми ақпарат Мәдениет министрлігіне де жетпеген.

Бізге ресми деректер келіп түскен жоқ. Сондай-ақ менің білуімше, басқа да мемлекеттік органдарда мұндай ақпарат (Кенесары ханның бас сүйегі туралы – Baq.kz) жоқ. Бұл Мәдениет және спорт министрлігіне де қатысты. Осы мәселенің анық-қанығын білу бойынша жұмыс жүргізілуде, - деді Асхат Аймағамбетов.
Еске сала кетейік, 7 сәуір күні Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов өзінің Facebook-тегі парақшасында Кенесары ханның бас сүйегі Қазақстанға оралатыны туралы сүйінші хабар таратты. Кейін тарихшы жазбасын өшіріп тастады.

 

Өзгелердің жаңалығы