Латвия президенті жол апатына ұшырады

9 Сәуір 2021, 09:38
1526
Бөлісу:
Латвия президенті жол апатына ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рига қаласындағы жол қиылыстарының бірінде елдің мемлекет басшысының Lexus LS көлігі өзінің күзет қызметінің Volkswagen Touareg көлігімен соқтығысты.

Латвия президенті Эгилс Левитс Ригада апатқа ұшырады. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы бейсенбі, 8 сәуірде leta жергілікті агенттігі мемлекет басшысының кеңсесіне сілтеме жасап хабарлады.

Қозғалыс кезінде Левитстің автокөлігі күрт тоқтаған кезде оған президенттің күзет қызметінің жол талғамайтын көлігі келіп соқтығысқан

ЖКО болған жерде тараптар апат туралы келісілген хаттама ресімдеді. Одан кейін автомобильдер жолын әрі қарай жалғастыра берді және жол-көлік оқиғасы мемлекет басшысының күн тәртібіне әсер етпеді.

Апат туралы ақпарат Латвияның мемлекеттік полициясына жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы