Алматыда кіреберісте тұрған балалар арбасын өртейтіндер пайда болды

9 Сәуір 2021, 14:58
1586
Бөлісу:
Алматыда кіреберісте тұрған балалар арбасын өртейтіндер пайда болды
PHOTO VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы ТЖД балалар арбаларының жаппай жануының жиілеп кеткенін мәлімдеп, дабыл қақты.

Департаменттің мәліметінше, 2020 жылғы 6 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі арбалар, велосипедтерді өртеудің 35 жағдайы тіркелген. 

Алматыда кіреберісте тұрған балалар арбасын өртейтіндер пайда болды

Тек 2020 жылдың 6 қазаны мен 25 желтоқсан аралығында мегаполисте түнгі уақытта 20 өрт тіркелді. Сонымен қатар бір күнде бірнеше өрт оқиғаcы тіркелді. Олар: 2020 жылғы 7 қарашада таңғы сағат 7-ден 10-ға дейінгі уақытта  Бостандық ауданында № 2,14,28 "Қазақфильм" және №5, 33 "Алмагүл" шағын аудандарының көпқабатты үйлеріне өндірушілер бірден  5 шақыртуға жұмылдырылды. Сондай-ақ 2021 жылдың 27 ақпанында таңғы сағат 7-ден бастап, 10 ға дейінгі уақыт аралығында өрт сөндірушілер Бостандық ауданының "Көктем"шағын ауданында 3 мекенжай бойынша өртті сөндірді, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ қаланың төрт ауданында, атап айтқанда, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу ауданындағы тұрғын үйлердің кіреберістерінде 15 бала арбасының жану дерегі тіркелген. Оған қоса басқа да тұрмыстық заттар өртенген.

Алматыда кіреберісте тұрған балалар арбасын өртейтіндер пайда болды

Жүргізілген тексеру іс-шараларына сәйкес, барлық жағдайларда өрттің қасақана жасалғандығы анықталды. Қазіргі уақытта материалдар Алматы қаласының Полиция департаментіне жолданды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережелерініне сәйкес баспалдақ торларының астында, сондай-ақ, эвакуациялық жолдарға кедергі келтіретін үй тұрмыстық заттарды, яғни балалар арбалары, шаналар, велосипедтер мен жиһаз жинауға тыйым салынады, - делінген хабарламада.

Алматыда кіреберісте тұрған балалар арбасын өртейтіндер пайда болды

Осыған байланысты, тұрғындардың арасында жарақат алу, сондай-ақ өрт кезінде материалдық шығын келтіру жағдайларын болдырмау мақсатында ТЖД Алматы қаласының тұрғындарынан подъездерде балалар арбаларын, велосипедтерін қоймауға шақырады.


Өзгелердің жаңалығы