Елбасы ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады

9 Сәуір 2021, 23:45
1333
Бөлісу:
Елбасы ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Ханзада Филиптің қайтыс болуына байланысты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Патшайымы ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Ханзада Филиптің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

Ол жарқын әрі мағыналы ғұмыр кешті. Сіздің сенімді тірегіңіз болып, ел мүддесі жолында нағыз патриот және халықаралық деңгейдегі біртуар қайраткер ретінде тарихи із қалдырды. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіне сапарларым барысында Өзіңізбен және Ханзада Филиппен болған кездесулерде марқұмның Қазақстанға деген ілтипатты көңілі мен игі ниетін әрдайым сезетінмін. Сіздің және туыстарыңыздың қайғысына ортақпын. Осынау азалы сағатта, Ұлы Мәртебелі, Сізге, отбасыңызға, бүкіл Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің халқына сабыр тілеп, көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.



Өзгелердің жаңалығы