«Реал» президенттігіне үміткер Рикельме Роналдуды командаға қайтаратынын мәлімдеді

9 Сәуір 2021, 02:22
1085
Бөлісу:
«Реал» президенттігіне үміткер Рикельме Роналдуды командаға қайтаратынын мәлімдеді

Нұр-сұлтан, BAQ.KZ. «Реал» клубының президенті болуға үміткер испаниялық бизнесмен Энрике Рикельме қандай жоспары бар екенін айтты, деп хабарлады prosports.kz.

Біз Роналдуды қайтарамыз. Өйткені ол клуб үшін де, футбол үшін де маңызды адам. Футболшылар жас не кәрі деп емес, мықты және нашар деп бөлінеді.

Рамос – ұлы футболшы. Қазір жақсы бабында. Неге онымен келісімшарт мерзімін ұзартпасқа? – деп мәлімдеді Рикельме.


Өзгелердің жаңалығы