Норвегиядағы қарттар үйінде екпеден кейін вирус ошағы табылды

9 Сәуір 2021, 13:19
1409
Бөлісу:
Норвегиядағы қарттар үйінде екпеден кейін вирус ошағы табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вирус жұқтырғандар екі ай бұрын коронавирустық инфекцияға қарсы Pfizer және BioNTech вакцинасының екінші дозасын алған.

Норвегияның Улленсакер коммунасында қарттар үйіндегі адамдар арасында коронавирус індеті тіркелді. Бұрын олардың барлығы америкалық Pfizer компаниясы мен оның неміс серіктесі BioNTech вакцинасының екі дозасын да алған, деп хабарлады TV2.

Қарттар үйінің инфекция анықталған барлық тұрғыны - 80 жастан асқандар. Коронавирус сонымен қатар осы мекеменің бес қызметкерінен және жұқтырған адамдармен байланыста болған екі адамнан анықталды.

Норвегия Мемлекеттік телерадиокомпаниясы Саннес коммунасында да осындай індет туралы хабарлады. Онда коронавирус инфекциясы Pfizer вакцинасының екі дозасын алған қарттар үйінің алты тұрғынынан расталды.

Ел билігі жағдай шешілгенге дейін коммуналардағы қарттар үйлеріне баруға уақытша тыйым салды.

Қазіргі уақытта үш жағдайда да вирустың «оңтүстікафрикалық» немесе «бразилиялық» штамдарын жұқтырғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы