Все новости за 21 қазан 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Министр: Ұлттық жоба міндеттерінің бірі - еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің барлық өңірлерінен саланың жетекші мамандарының қатысуымен Қазақстанның өсімдік өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті өтті.
-
2022 жылы спортшыларымыз АҚШ-тағы Бүкіл дүниежүзілік ойындарға қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жұмыс кеңесі өтті. Комитет төрағасының міндетін атқарушы Бекболат Байжановтың төрағалығымен өткен басқосуға комитеттегі барлық басқарма басшысы, бағынысты мекеме басшысы, бас бухгалтерлері мен заңгерлері қатысты.
-
#Тәуелсіздік30. Елордада ерекше көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің көрнекті өкілдеріне арналған «Тәуелсіздік тұлғалары» көркем портреттер көрмесі ашылды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған бұл іс-шараға дарынды суретші Таңсық Мәжитованың 60-тан астам авторлық туындысы ұсынылды.
-
Жамбылдық шаруа бір гектардан 40 тонна сәбіз жинап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл ауданындағы «Тимофеев» шаруа қожалығы сәбіздің әр гектарынан 40 тонна өнім алып жатыр. Жиын-терін жұмыстарына 30-жан астам адам жұмылдырылған.
-
Буын ауруларынан қорғайтын өнімдер анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетолог Марина Макиша буындарға пайдалы өнімдерді атап, егде жастағы адамдарға оларды міндетті түрде тамақ рационына қосу қажеттігін айтты.
-
Дін қайраткерлерін ақтауға арналған конференция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қуғын-сүргін құрбандарын, дін қайраткерлерін ақтауға арналған республикалық конференция өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен өткен конференцияда Отан үшін опат болған оғыландардың рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.
-
Инвестициялық делдалды алаяқтан қалай ажыратуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2021 жылғы маусымнан бастап уәкілетті органның лицензиясы жоқ және жоғары кірістілікке кепілдік бере отырып, инвестициялық мақсаттар үшін клиенттердің ақшасын тартатын жосықсыз делдалдардың тізімін жариялауда. Оларға қаржылық қызметтерді тұтынушылардан жүздеген шағым түседі.
-
ШҚО-да түрме аумағына екі ер адам есірткі мен ақша лақтырмақ болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекеме қоршауына есірткі мен ақша лақтырмақ болған фактісі орын алынды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Ресейде КВИ-дің өршуіне байланысты бір апталық демалыс жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде коронавирус аурушаңдығынан болатын өлім-жітімнің күрт өсуіне байланысты жұмыс істемейтін апта жарияланды.
-
Баянауылда облыстық дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарылғапберді Жұмабайұлының 170 жылдығына арналған «Арқаға аты әйгілі Жарылғапберді» облыстық дәстүрлі әншілер байқауы өтті, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
-
Жаңаарқа ауданында аңшылық иттер жарысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаарқа ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған құмай тазылардың жарысы өтті. Оған 30-дан астам асыл тұқымды иттерді қатыстырды.
-
Футболдан Қазақстан құрамасы Тәжікстан командасымен жолдастық кездесу өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ұлттық құрамасы Тәжікстан құрамасымен жолдастық матч өткізеді, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Еңбек инспекторлары 8 мыңнан астам заң бұзушылықтың алдын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары қабылдаған шаралардың нәтижесінде 8 мыңнан астам заң бұзушылық жойылды.
-
Саджид Джавид мутацияланған вирустың өте жұқпалы екендігіне күмән келтірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британиялық Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Саджид Джавид елде «дельта» AY.4.2. штаммының жаңа нұсқасы таралу фактісін бар екенін айтты.
-
Қазақстан мен Қытай тауар тасымалын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалдау мәселелері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесі Премьер-Министрінің орынбасары Хань Чжэнмен телефон арқылы сөйлесу кезінде талқыланды.
-
Тұрақтылық кез келген мемлекеттің дамуының негізі - Шерзод Пулатов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты пікір білдірді.
-
Оқушының маңдайына «дәптер» деп жазған мұғалім жұмыстан шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Көкшетаудағы мектепте болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
-
Нұр-Сұлтанда «Elorda Zhastary» бағдарламасына 1000-ға жуық өтініш түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында биыл басталған – «Elorda Zhastary» бағдарламасына өтініш білдіріп жатқан жастардың қатары күн санап артып келеді. Бүгінге дейін 1000-ға жуық азаматтан өтініш түсті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Алматыда жасөспірім таксиде жолаушыны зорлап, тонап кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 17 жастағы такси жолаушысы қасындағы жолаушыны зорлап, онымен қоймай алтын бұйымын ұрлап кеткен.
-
Аймағамбетов Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты пікірін білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысындағы 10 жасар баланың өліміне қатысты түсініктеме берді.
-
Қазақстандықтар халық санағынан қайта онлайн өте алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық санағынан онлайн өту мүмкіндігі қайта қолжетімді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Кітапханашы, күзетші, еден жуушы: Мектепте жұмыс істейтіндердің жалақысы көтеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепте жұмыс істейтін барлық қызметкердің жалақысы көтерілетінін айтты.
-
«Білімді ұлт»: 1000 мектеп салу бойынша арнайы сайт ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасының аясында арнайы сайт ашылатынын айтты.
-
Елордалық кәсіпкерлер азық-түлік үстемеақысын арттырғаны үшін жауапкершілікке тартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев елорданың сауда нысандарының өкілдерімен кездесті.
-
Аймағамбетов «Білімді ұлт» ұлттық жобасының негізгі міндеті туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасының маңыздылығын түсіндірді.
-
Көкшетауда мұғалім оқушылардың маңдайына «дәптер» деп ескерту жазған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау мектептерінің бірінде мұғалім дәптерлерін ұмытпау туралы ескертуді күнделікке емес, оқушының маңдайына жазып жіберген. Осылайша 12 оқушының маңдайында «дәптер» деген жазба пайда болған.
-
Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Ақтөбе және Атырау облыстарына жұмыс сапары аясында «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автожолын реконструкциялау барысын тексерді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
-
Жамбыл Жабаев - 175. Мерейтой жас ұрпақты тәрбиелейтін іс-шара болуы тиіс – Көшербаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаев Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.
-
Елімізде зағип және көзі нашар көретіндерге арналған кітапханалар ісі жанданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді.
-
Жандарбек Бекшин тойға бара ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында қаланың бас мемлекеттік санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. Сондай-ақ ол індеттің беті қайтқанша, қоғамдық орындарға баруды шектей тұруға шақырды.
-
Ұлттық жоба шеңберінде 800 мың жас тұрғын үй жинақтары жүйесін пайдалана алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады.
-
Қазақстан мен Беларусь Қауіпсіздік кеңестерінің кеңейтілген жоспарлы консультациялары өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Қарағанды облысында су тасқыны кезеңіне дайындалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында су тасқынына дайындық жүріп жатыр. Өңірде су басуға бейім 45 елді мекен бар.
-
Министр TiJi, Nickelodeon каналдарының неліктен қазақшаға аударылып жатқанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева шетелдік TiJi, Nickelodeon каналдарының өнімдері неліктен қазақшаға аударылып жатқанын түсіндірді.
-
Пандемия кезінде отандық электрондық кітапхананы әлемнің 100-ден астам елі пайдаланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады.
-
Арыс мектебінде қаз-қатар қойылған унитаздарға қатысты түсініктеме берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Facebook әлеуметтік желісінде журналист Гүлмира Әбіқайдың Арыс қаласындағы №8 В.Комаров атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің әжетханасы төңірегіндегі жазбасы бойынша Арыс қаласының Білім бөлімі мәлімдеме жасады.
-
Елімізде отандық анимациялық бірлестік құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады.
-
Аида Балаева ұлттық жобаның міндеттерін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының үшінші бағытының маңыздылығын айтты.
-
Сенаторлар мемлекеттік сатып алу рәсімін өзгертуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаттары бір компанияның бір құрылыс нысанында инжинирингтік қызметтер мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын алу үшін мемлекеттік сатып алуға қатысуына тыйым салуды ұсынды.
-
Ұлттық жоба аясында танымал анимациялық және танымдық арналар қазақшаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады. Оның айтуынша, «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.
-
Министр: Басты мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының екінші бағытымен таныстырды.
-
Түркістанда «Фариза» спектаклі қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан музыкалық драма театрында қазан айының 23-24 күндері «ФАРИЗА» спектаклінің премьерасы қойылады.
-
«Ұлттық рухани жаңғыру» жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.
-
Дәрігер қант диабетінің алғашқы белгілерін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемнің көптеген елінде қант диабетіне шалдыққан науқастар саны артуда.
-
Бекшин коронавирус көрсеткіштеріне қатысты болжамын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында қаланың бас мемлекеттік санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. Сондай-ақ ол сөзінде Алматыда коронавирус төмендегенін алға тартты.
-
Сенаторлар оқ-дәрілерді сақтау кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат отырысында Палата депутаттары тиісті заң жобасына халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қару-жарақ қоймаларындағы жарылыстың алдын алуға арналған жаңа нормалар енгізуді ұсынды.
-
COVID-19: 1 млн-ға жуық алматылық екпе алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында қаланың бас мемлекеттік санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Оның айтуынша, мегаполистің 981 759 тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін алған.
-
«Еңбек жолы-2021» байқауының қорытындысы шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасындағы «Еңбек жолы» республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды.
-
Түркістанда жас суретшілер симпозиумы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Түркістан облысы, Төлеби ауданында «Төлеби – Ұлы дала мекенім» атты суретшілер пленэрі мен «Бір өлке – бір сурет» атты жас суретшілер симпозиумы өтті.
-
COVID-19: Алматыдағы эпидахуал қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.
-
Этносаясатқа тек құзырлы органдар жауапты емес – Мемлекет басшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы әлеуметтік саясаттың ұлтаралық жағдайға қалай әсер ететінін айтты.
-
Ақтауда халықаралық конференция өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19-21 қазанда Ақтау қаласында Каспий өңірінің көлік-коммуникациялық кешенін дамыту перспективаларына арналған «Caspian Ports and Shipping – 2021» II халықаралық конференциясы өтіп жатыр.
-
Тоқаев: Кейбір аналар заңсыз ереуілге шығып, айғай шығарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Президент көпбалалы аналардың заңсыз митингтері туралы сөз қозғады.
-
Қоғамдық келісім мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көбейткені жөн – Президент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
-
Депутат елдегі туризмді дамытудың жолдарын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында депутат Сұлтан Дүйсембинов Үкімет басшысына туризм саласына қатысты сауал жолдады.
-
+997 DEF-коды: Қазақстан жаңа телефон кодына қалай және не үшін көшеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі +997 DEF-кодының артықшылығы мен оның қашан енгізілетіні туралы сұрақтарға жауап берді.
-
Мемлекет басшысы Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі жобаны қолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген кеңес мүшелерінің ел тарихына арналған Tik-Tok жобасын құру туралы ұсынысын қолдады.
-
Pfizer. Кімге және қашан салынады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Pfizer екпесімен вакцинациялауға қатысты әдістемелік ұсынымдарын жарияланды.
-
Жолдауда ел бірлігін нығайтуға айрықша мән берілді – Мемлекет басшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
-
Күршім өзенінің ластануының жаңа фактілері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім өзенінің ластануы туралы видео тараған еді.
-
Аналарға рухани тәрбие беру маңызды – Алтын Каникар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында коуч-мотиватор, «KANIKAR club» әйелдер клубының жетекшісі Алтын Каникар мәлім етті.
-
Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты.
-
Шөкеев: Түркістан облысында этнос өкілдерінің 92%-ы қазақ тілін жетік меңгерген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Түркістан облысының әкімі, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Өмірзақ Шөкеев баяндады.
-
Тәліптер АҚШ-тан өз активтерін бұғаттан шығаруды сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде Ауғанстандағы ахуал жөнінде кездесу өтті. Оған тәліптермен қатар бірқатар елдің өкілдері қатысты, деп жазды «Хабар 24».
-
Балаларымыздың бірнеше тіл білгені жақсы – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
-
Оқушыларды қалай қорғайды? Депутат 70-100 мың теңге алатын күзетшілер туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев білім беру мекемелеріндегі күзет қызметіндегі мәселені көтерді.
-
Шокир Бабаев: Қазақстан тәжіктері ел халқының ажырамас бір бөлігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында «Файз» тәжік қауымдастығының төрағасы Шокир Бабаев мәлімдеді.
-
Елімізде өзбек ұлтына барлық жағдай жасалған – Алишер Сатвалдиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Түркістан облыстық қоғамдық-саяси «Жанубий Козогистон» газетінің бас редакторы Алишер Сатвалдиев мәлім етті.
-
Жаңарған Түркістанды тұрғызуға сан ұлттың өкілдері күш біріктірді – Өмірзақ Шөкеев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Түркістан облысының әкімі, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
-
Басты мақсат – транскаспий мультимодельдік бағыттағы жүк тасымалын арттыру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 ж. 18-ші қазанында ҚХР-дың Цзянсу аймағындағы Ляньюньган қаласында Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің кәсіпкерлер Форумы өтті. Оны «Самұрық-Қазына» АҚ Қытайдың халықаралық сауданы қолдау комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.
-
Павлодарда комплаенс қызметі квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарына енгізілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС комплаенс-қызметінің жұмысын дамыту мәселелерін Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерімен талқыланды.
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды.
-
Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшілері тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Депутаттар Каспий теңізінің экологиясына қатысты заңды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңның жобасы қабылданды.
-
Қостанайда жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн теңгеден астам қаражат ұрланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай қаласында жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн астам теңгені жымқыру дерегін анықтады.
-
Сенатта Есеп комитетінің мүшесі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесіне Расул Рахимов тағайындалды.
-
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп жазды Facebook-тегі парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
-
Елде қанша шетелдік азамат жұмыс істеп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазандағы жағдай бойынша 16 190 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша жұмыс істеп жүр.
-
Жақында қызметінен кеткен Сәпиев жаңа жұмысы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы қызметінен кеткен Серік Сәпиев жаңа жұмыс орнын атады.
-
Қызылордада кәсіпкерлік қарқын алып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия шектеулеріне қарамастан Қызылорда өңірінде кәсіп ашуға ниетті азаматтардың қатары көбейіп, аймақ республика бойынша үздік үштікке енген. Сондай-ақ, облыстағы экономикалық белсенді халықтың үштен бірі кәсіпкерлік бағытта жұмыспен қамтылған. Яғни өсім 9,1 пайызды құрап, аймақтар арасында ІІ орынға көтерілді.
-
Мұқағалидың 90 жылдығына арналған концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияның классика және эстрадалық вокал бөлімінің қазақтың біртуар ақиық ақыны - Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған “Есіңе мені алғайсың” атты жанды дауыста музыкалық-поэзиялық концерті өтті.
-
Коронавирус. Бір тәулікте 42 адам қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қазандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.
-
Семейде педагогтарды көше сыпыруға жіберген адамдар жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде педагогтерді көше сыпыруға жіберген лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
-
Министр: ІІМ адам құқықтарын сақтау бойынша ЕҚЫҰ аясында өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Маттео Мекаччидің Нұр-Сұлтан қаласына сапары аясында өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Алматы облысы «қызыл» аймаққа өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
КВИ. 100-ден астам адам жасанды тыныс алу аппаратында жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ еліміз бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 21 қазандағы ақпаратты жариялады.
-
Вакцинация. Еліміз бойынша 8,1 млн адам бірінші компонентін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 20 қазан күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Еліміз бойынша COVID-19 індетінен жазылғандар саны 866 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 1 984 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
-
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 923 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК еліміздегі ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 20 қазандағы эпидемиологиялық жағдайды жариялады.
Наверх