Министр: Басты мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту

21 Қазан 2021, 15:10
8265
Бөлісу:
Министр: Басты мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының екінші бағытымен таныстырды.

Оның айтуынша, бұл бағыттың екінші маңызды міндеті – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. 

«Ұлтты сақтау» дегеніміздің өзі – тілді сақтап, дамыту екені белгілі. Мемлекет басшысы қазақ тілінің болашақта – ұлтаралық тілге айналатынына сенім білдіргенін білесіздер. Оған бүгінде барлық негіз бар. Мемлекеттік тілге деген қоғамда сұраныс артып келеді. Бұл – уақыт талабы, - дейді Аида Балаева. 
Ол бұл мәселеде бірқатар ауқымды жоба қарастырылып отырғанын айтты. 
Мемлекеттік тілді оқыту бойынша инновациялық ІТ-өнімдер әзірлеу, танымал анимациялық және танымдық арналарды қазақшалау, орта білім берудің тілге қатысты бағдарламаларына өзгерістер енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін қазақ тіліндегі оқулықтар әзірлеу сияқты жүйелі іс-шаралар бар, - деді Балаева орталық коммуникациялар брифингінде.

Министрдің сөзінше, жобаның мақсаты ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау арқылы – қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру.

Бір сөзбен айтқанда, мақсатымыз – қоғамдағы қазақтілді ортаны барынша кейейту, оны тұрмыста ғана емес, ғылым мен білімнің, бизнес пен әлеуметтің тіліне айналдыру, -деп атап өтті министр.

Өзгелердің жаңалығы