Жақында қызметінен кеткен Сәпиев жаңа жұмысы туралы айтты

21 Қазан 2021, 09:53
4217
Бөлісу:
Жақында қызметінен кеткен Сәпиев жаңа жұмысы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы қызметінен кеткен Серік Сәпиев жаңа жұмыс орнын атады.

Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген эксклюзив сұхбатында айтты.

Ұлттық Олимпиада комитетінде жұмыс істеймін деп айта аламын, - деді Олимпиада чемпионы.

Дегенмен спортшы комитетте нақты қандай лауазымға тағайындалатынын айтпады.

Халықаралық олимпиада комитетінде жұмыс істегіңіз келе ме деген сұраққа Сапиев «ойлануға болады» деп жауап қатты.

Ол туралы ойламадым. Бірақ жалпы алғанда, халықаралық ұйымда жұмыс істеу елдің мәртебесін, халықаралық ұйымда жұмыс істейтін адамның мәртебесін көтереді. Неге болмасын?! Ойлануға болады, - деді Сәпиев. 
Еске салсақ, Сәпиев 2019 жылдың 30 қаңтарынан бастап Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетін басқарды. 19 қазанда Сәпиевтің қызметінен өз еркімен кеткені анықталды.
Өзгелердің жаңалығы