Депутаттар Каспий теңізінің экологиясына қатысты заңды қабылдады

21 Қазан 2021, 10:47
5485
Бөлісу:
Депутаттар Каспий теңізінің экологиясына қатысты заңды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңның жобасы қабылданды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, Каспийдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде 2003 жылы Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік Конвенциясы қабылданды.

Каспий теңізінде көмірсутек шикізатының ірі қорларының болуы су айдынының экологиясы мен биоресурстарын сақтау туралы мәселені өзектендіреді. Хаттаманың негізгі мақсаты - Каспий теңізінің экологиялық таза теңіз ортасына қол жеткізу және сол қалпында сақтау үшін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызметтер нәтижесінде теңіз ортасының ластануын болдырмау, бәсеңдету, бақылау және барынша мүмкін болатын апаттарды жою, - деді министр.

Брекешев Хаттаманың негізгі бағыттарына тоқталды.

- ең озық қолжетімді технологияларды және табиғат қорғау практикасын пайдалану немесе пайдалануға ықпал ету, оларға қол жеткізу және оларды теңіз акваториясында немесе оның жағалау аймағында тапсыру кезінде шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде беру;

- Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы, оның ішінде теңіз акваториясына жерүсті көздерінен ластаушы заттардың түсу көлемдері туралы деректер базасын құру және жүргізу;

- Каспийдің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының жай-күйіне, оның жағалау жиегі бойындағы теңіздің ластану деңгейіне тұрақты бағалау жүргізу.

Хаттама бойынша теңіз ортасына әсер етуі мүмкін қызмет түрлерінің тізбесі, сондай-ақ елеулі трансшекаралық әсерді айқындауға ықпал ететін критерийлер тізбесі айқындалған.

Хаттаманың іске асырылуы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық, өңірлік және трансшекаралық бағдарламаларды қамтитын Экологиялық кодексте көзделген.

Конвенцияға сәйкес тараптар өздерінің ұлттық заңнамасы бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалауды қоса алғанда, Каспий теңізінің теңіз ортасын және жағалау маңындағы аудандарын ластанудан қорғау үшін қажетті іс-шараларға жергілікті билік органдары мен жұртшылықтың қатысуына ықпал етеді. Сондай-ақ әрбір тарап қоғамның Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының жай-күйі туралы ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдетеді, - деп түсіндірді Экология министрі.

Айтуынша, Хаттама мүдделі органдармен ескертулерсіз келісілді, теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.

Өз кезегінде Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Заңды қабылдауды ұсынды.

Депутаттар Сенаттың отырысында Заң жобасын қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы