Мұқағалидың 90 жылдығына арналған концерт өтті

21 Қазан 2021, 09:30
3629
Бөлісу:
Мұқағалидың 90 жылдығына арналған концерт өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияның классика және эстрадалық вокал бөлімінің қазақтың біртуар ақиық ақыны - Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған “Есіңе мені алғайсың” атты жанды дауыста музыкалық-поэзиялық концерті өтті. 

Мұқағалидың 90 жылдығына арналған концерт өтті

Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын екені сөзсіз.

Мұқағалидың 90 жылдығына арналған концерт өтті

Әдемі ән кешінде елорда филармониясының классикалық және эстрадалық вокал бөлімі артистері мен эстраданың басқа да өкілдері ақынның өлеңіне жазылған елге танымал әндерді жұптасып және жекелей орындап, келген көрерменге керемет кеш сыйлады.

Мұқағалидың 90 жылдығына арналған концерт өтті

Кеште Қазақстан және Татарстан Республикаларының халық әртісі - Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері - Сүндет Байғожин,  Алтынай Жорабаева, Светлана Айтбаева, Лұқпан Жолдасов, Арайлым Рахымқызы, Елена Әбдіхалықова, Клара Төленбаева, Медет Салықов, Азамат Жылтыркөзов, Мәдениет саласының үздігі Роза Шоткалиева, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары - Индира Расылхан, Зарина Омарова, Дос,  Мұратбек Хайролда, Нұрбол Балапанов, Бибігүл Тыныштық, Айдын Жұмабай, Ақбота Құснадин, Әкімхан Маженов, Диана Май, Парасат Отан, Салтанат Серкебаева, Айгерім Ораз, және “Айналайын” балалар хоры, «Музыкалық жас көрермен театры» мен “Аlem” эстрадалық би ансамблі өнер көрсетті.

Мұқағалидың 90 жылдығына арналған концерт өтті

Өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, сыршылда сыншыл – Мұқағали өлеңдері ешқашан өлмек емес - дейді ұйымдастырушылар.

Мұқағалидың 90 жылдығына арналған концерт өтті

Өзгелердің жаңалығы