Қоғамдық келісім мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көбейткені жөн – Президент

21 Қазан 2021, 12:50
4259
Бөлісу:
Қоғамдық келісім мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көбейткені жөн – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

Жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттырумыз қажет. Біз былтыр әр өңірдің Ішкі саясат басқармасынан жеке бөлім аштық. Осы бөлімдерге қолдау көрсетіп, жұмысын жандандыра түсу керек. Оларға өз құзіретіне кірмейтін тапсырма берілмеуі қажет. Әркім өзіне жүктелген міндетті атқаруға тиіс. Қоғамдық келісім мекемесінің де қызметіне қатысты осы талапты ұстануға тиіспіз. Аталған ұжымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын көбейткен жөн, - деді Президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынас саласына жүйелі сараптама жүргізуде. Оған қоса министрлік қандай да бір кикілжің туындаған кезде тиімді әркет жасаудың әдіс-тәсілдерін айқындайды. 

Этносаралық қатынас саласындағы өңірлік құрылымдарды мамандармен қамтамасыз етуге де баса назар аудару керек. Бұл жұмыс ең алдымен ұлттық құрамы әртүрлі және белгілі бір этнос өкілдері тығыз қоныстанған аймақтарда қолға алынуы қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы