Дәрігер қант диабетінің алғашқы белгілерін атады

21 Қазан 2021, 14:47
7895
Бөлісу:
Дәрігер қант диабетінің алғашқы белгілерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемнің көптеген елінде қант диабетіне шалдыққан науқастар саны артуда.

Бұл туралы клиникалық зертханалық диагностика дәрігері Анна Сафонова айтты.

Оның сөзінше, қазір пациенттердің басым бөлігі диагностикаланбаған, соның салдарынан ешқандай ем алмағандықтан, олардың арасында қантамыр аурулары тарапынан асқыну қаупі жоғары.

Қант диабеті жаһандық эпидемиясының ең қауіпті тұсы - оның қантамырларды зақымдауы - нефропатия, ретинопатияның туындауы, жүректің, мидың, аяқтардағы перифериялық магистральды тамырларын зақымдауы, - деп Сафронованың сөзін келтірді «Известия».

Маманның айтуынша, дәл осындай асқынулардың салдарынан қант диабетімен ауыратын адамдар арасында өлім-жітім көрсеткіші мен мүгедектікке шалдығу жағдайлары артады.

Дәрігер адамдарды ойландыруы тиіс бірқатар ауру белгісін атады. Ең алдымен, әр адам полиурияға - бір тәулікте бөлінетін несептің көп мөлшеріне назар аударуы қажет. Бұл ретте аталған проблема бір рет қана емес, үнемі қайталанатынына мән беру керек. Сонымен қатар диабетке шалдыққан адамның аузы үнемі құрғап тұрады. Сондай-ақ жарақаттардың ұзақ жазылуы, қол-аяқтың ұйып қалуы, үнемі шаршағыштық - ауру белгілерінің бірі саналады.

Көздің көру қабілетінің төмендеуі, салмақтың өзгеріп тұруы, қарынның тез ашуы екінші типті диабеттің белгілері екенін айта кеткен жөн, - деді Сафонова.

Бұдан бөлек дәрігер қант диабетіне 50 жастан асқан адамдар жиі шалдығатынын айтып өтті. Дегенмен соңғы жылдары ауру жасарып келеді. Себебі науқастардың 25%-ы - 40-50 жас аралығындағылар болса, 8%-ы - 40 жастан төмен, 7%-ы 30 жасқа дейінгі адамдар мен балалар екен.

Өзгелердің жаңалығы