Тұрақтылық кез келген мемлекеттің дамуының негізі - Шерзод Пулатов

21 Қазан 2021, 19:00
1494
Бөлісу:
Тұрақтылық кез келген мемлекеттің дамуының негізі - Шерзод Пулатов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты пікір білдірді.

Шерзод Пулатов сөзінше, ҚХА алдындағы басты міндет - ұлттық саясатты жүзеге асыру.

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚХА кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл мемлекеттің ұлтаралық қатынастарға үлкен мән беретінін көрсетеді. Елдегі этникалық саясат әрқашан жоғары деңгейде жүргізіліп келеді. Өйткені елімізде барлық этностардың бейбіт өмір сүру арқылы біз елдегі тұрақтылықты сақтай аламыз. Баршаға белгілі, татулығымыз кез келген мемлекеттің дамуының негізі бола алады, - деп атап өтті Шерзод Пулатов.

Оның айтуынша, кеңес барысында Қасым-Жомарт Тоқаев шешуді қажет ететін бірқатар маңызды мәселелерді қозғады.

Бүгінде этномәдени бірлестіктер - бұл этностардың мәдениеті мен бірегейлігін сақтайтын құрылым ғана емес, сонымен қатар мемлекет саясатын жүзеге асыратын бірлестіктердің маңызды құрылымы. Қазақстан көптеген мемлекеттерге қарым -қатынас орнатудың үлгісін көрсетіп отыр. Мысалы, ҚХА жанынан Кәсіпкерлер қауымдастығы жұмыс істейді. Сауда -экономикалық байланыстар белсенді орнатылуда. Халықтық дипломатия - елдермен байланыс пен қарым -қатынасты нығайтуда тиімді құрал. Бүгінгі кеңесте ҚХА тұтас назар аударатын бірқатар маңызды бағыттар сарапқа салынды, - деп қорытындылады өзбек этномәдени орталығының басшысы.

Өзгелердің жаңалығы