Аймағамбетов Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты пікірін білдірді

21 Қазан 2021, 18:02
13888
Бөлісу:
Аймағамбетов Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты пікірін білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысындағы 10 жасар баланың өліміне қатысты түсініктеме берді.

Бас ұстаз қайғылы оқиға белгілі болғаннан кейін әріптестері бірден Түркістан облысына аттанғанын айтты. Олар жағдаймен танысып, талдау жүргізді. Бүгінгі күні бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Нәтижесі бойынша шаралар қабылданады.

Бұл - өте үлкен трагедия. Қазір Түркістан облысының бірқатар білім беру ұйымында осындай фактілер бар екенін көріп отырмыз. Өңірге кеткен әріптестеріміз мектептің қызметімен танысты. Әрине, әженің сөздері қаншалықты дұрыс немесе дұрыс емес екендігі туралы айтуға әлі ерте. Біз тергеу нәтижелерін тиісті органдардан күтеміз, - деп айтты министр.
Министр мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқу жоспарының сәйкессіздігі түріндегі елеулі бұзушылықтар анықталғанын айтты.
Бұл бұзушылықтар үшін мектеп әкімшілігіне тергеуден кейін шаралар қабылданады, - деді Асхат Аймағамбетов.
Еске сала кетейік, кеше Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Түркістан облысында 5-сынып оқушысының өліміне қатысты түсініктеме берді.
Өзгелердің жаңалығы