«Ұлттық рухани жаңғыру» жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

21 Қазан 2021, 14:50
2238
Бөлісу:
«Ұлттық рухани жаңғыру» жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

Сондай-ақ ол биыл 13 қазан күні Мемлекет басшысы «Ұлттық жобалар тізбесін бекіту» туралы Жарлыққа қол қойғанын алға тартты.

Оның негізінде 10 ұлттық жоба анықталды. Соның ішінде «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы 3 бағыт, 7 міндет, 21 көрсеткіш, 66 ауқымды іс-шарадан тұрады. Жобаның басты мақсаты – ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңарту, ұлттық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру. Сонымен қатар жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың түрлі бастамаларын жан-жақты қолдауды көздейді, - деп атап өтті Аида Балаева.

Оның айтуынша, мазмұны жағынан аталған жоба өте ауқымды.

Ол қаншама ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың мәдени болмысы, тарихы мен тамыры. Сондықтан әсіресе, қазіргі жаһандану кезінде оны сақтап қалу, ұрпақ бойына сіңірудің маңызы зор. Өйткені бүгінгі ұрпақ бойына ұлттық код ұғымын қаншалықты терең сіңірсек, ол біздің ертеңгі ұлт болып қалуымыздың кепілі, - деді ведомство басшысы.


Өзгелердің жаңалығы