Сенатта Есеп комитетінің мүшесі тағайындалды

21 Қазан 2021, 10:27
1769
Бөлісу:
Сенатта Есеп комитетінің мүшесі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесіне Расул Рахимов тағайындалды.

Қаржы және бюджет комитеті өз отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі лауазымына тағайындау үшін Парламент Сенатының төрағасы ұсынған Рахимов Расул Нұрланұлының кандидатурасын талқылады. 
Расул Нұрланұлы «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, шетелдік жоғары оқу орындарында оқыған, Индустрия және сауда министрлігінде және Президент Әкімшілігінде Стратегиялық жоспарлау және талдау саласында жұмыс тәжірибесі бар, онда өзін қойылған міндеттерді шешуге жауапты білікті басшы ретінде көрсетті, - деді Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечина.

Ол Конституцияның 57-бабының 1-тармақшасына сәйкес және Парламент Сенаты төрағасының 2021 жылғы 13 қазандағы ұсынысы негізінде Рахимов Расул Нұрланұлын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындауды ұсынатынын айтты.

Депутаттар Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулыны қабылдады.



Өзгелердің жаңалығы