Саджид Джавид мутацияланған вирустың өте жұқпалы екендігіне күмән келтірді

21 Қазан 2021, 19:32
5803
Бөлісу:
Саджид Джавид мутацияланған вирустың өте жұқпалы екендігіне күмән келтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британиялық Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Саджид Джавид елде «дельта» AY.4.2. штаммының жаңа нұсқасы таралу фактісін бар екенін айтты. 

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Сонымен бірге ол мутацияланған вирустың жоғары жұқпалы екендігіне күмән келтірді. 

AY.4.2 жоғары қауіп төндіреді деп айтуға әлі негіз жоқ, келесі штамм немесе одан кейін пайда болатын штамм қауіпті болуы мүмкін, - деді министр. 

Осыған байланысты Джавид британиялықтарды коронавирустық инфекцияға қарсы белсенді вакцинациялауға шақырды.

Үндістанда 1,4 миллиард тұрғынның 1 миллиардтан астамы коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан өтті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігі. 

Мәліметтерге сәйкес, дәрігерлер секундына 700-ге дейін вакцинация жасайды. Барлық ересектің шамамен 75%-ы вакцинаның алғашқы дозасын алды және 31%-дан астамы вакцинацияның толық курсынан өтті. 

Қазір Үндістанда COVID-19-дың әртүрлі штамдарының таралуы байқалады. БРИКС халықаралық форумның директоры Пурнима Ананд көктемде аурудың өршуі кезінде ресейлік «Спутник V» вакцинасын қолдану елде коронавирустың өршуін басуға көмектесті және мыңдаған адамды құтқарды деп мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы