Қазақстандықтар халық санағынан қайта онлайн өте алады

21 Қазан 2021, 18:01
2302
Бөлісу:
Қазақстандықтар халық санағынан қайта онлайн өте алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық санағынан онлайн өту мүмкіндігі қайта қолжетімді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Санақтан онлайн өту мүмкіндігі тоқтатылған соң еліміздің барлық өңірлерінен, әсіресе қалалардан онлайн санақ функциясы мерзімін ұзарту туралы көптеген өтініш түсе бастады. Осыған байланысты sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама функциясын қайта қосу туралы шешім қабылданды, - делінген хабарламада.

Санақ сауалдарына арнайы sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталы арқылы тіркеліп немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Онлайн өту мүмкіндігі халық санағы аяқталғанға дейін қолжетімді болмақ.

Айта кетейік, 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн-санақ функциясын азаматтардың 40 пайызға жуығы пайдаланған. 1 қазаннан бастап интервьюерлер үй-үйді аралауды бастады. Олар қазірдің өзінде 5 938 259 адамға сауал салу жүргізді. Онлайн өткен респонденттер келген хабарламаны интервьюерлерге көрсетуі тиіс. Олармен сауалнама қайта жүргізілмейді.

Ұлттық статистика бюросы он жылдықтың маңызды шарасына ат салысуға шақыра отыра белсенділік танытып, халық санағына қатысқан азаматтарға алғыс айтады! Қазақстанда әркім маңызды!

Өзгелердің жаңалығы