Басты мақсат – транскаспий мультимодельдік бағыттағы жүк тасымалын арттыру

21 Қазан 2021, 11:17
4945
Бөлісу:
Басты мақсат – транскаспий мультимодельдік бағыттағы жүк тасымалын арттыру

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 ж. 18-ші қазанында ҚХР-дың Цзянсу аймағындағы Ляньюньган қаласында Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің кәсіпкерлер Форумы өтті. Оны «Самұрық-Қазына» АҚ Қытайдың халықаралық сауданы қолдау комитетімен бірлесіп ұйымдастырды. 

Шараға Қытайдың Шығысындағы логистика, химия, фармацевтика, биотехнология, басқа да түрлі өндірістік салаларды қамтитын өнеркәсіптік аймақтардың инвесторлары қатысты.

Қатысушылар Қазақстан мен бірлескен Қазақстан-Қытай логистикалық терминалы орналасқан Ляньюньган айлағы арқылы өтетін мүльтимодальдық тасымалдауды дамыту өзектілігін және өңірлік логистикадағы кедергілерді азайту жолдарын талқылады.

Қазақстан тарапынан форумға онлайн-форматта «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақинвест» АҚ, «KTZ Express» АҚ, «БХК» ЖШС және бірқатар басқа да компаниялардың топ-менеджмент өкілдері қатысты. Қытай тарапынан бизнес-қауымдастықтардың, жергілікті мұнайхимия, биомедицина компанияларының басшылары, логистикалық және электронды коммерция операторларының өкілдері қатысты. Шара қорытындысы бойынша Қазақстан мен Цзянсу провинциясының кәсіпорындары арасында инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайту жөніндегі екіжақты бастама қабылданды.  

Форум аясында сонымен қатар «Ляньюньган-Каспий теңізі интеграцияланған жеткізу желісі» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Басты мақсат – Ақтау теңіз портымен байланысты нығайтып, Транскаспий мультимодальдық бағыт бойынша жүк тасымалын арттыру және Қазақстан аумағында заманауи логистикалық нысандарды орналастыру, қосылған құны жоғары және экспорттық әлеуеті бар тауарлар өндірісін дамыту. Бұл конференция қорытындысы бойынша бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылды, соның ішінде «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен қытайлық Shanghai ACE Investment & Development Co., Ltd компаниясы арасында ынтымақтасу ниеті жөніндегі келісімге қол қойылды.

Цзянсу провинциясы – Қытайдағы экономикалық даму деңгейі бойынша Гуандун провинциясынан кейінгі екінші орында тұрған аймақ. Цзянсу ІЖӨ 2020 ж $1,5 трлн асып жығылды. Халық саны – 84,7 млн адам. Әкімшілік орталығы – Нанкин қ-сы. Ең ірі айлағы – Ляньюньган. Негізгі салалар – көлік және логистика, мұнайхимия мен фармацевтикалық өндірістер, ауыл шаруашылығы 

Өзгелердің жаңалығы