Аймағамбетов «Білімді ұлт» ұлттық жобасының негізгі міндеті туралы айтты

21 Қазан 2021, 17:14
13238
Бөлісу:
Аймағамбетов «Білімді ұлт» ұлттық жобасының негізгі міндеті туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасының маңыздылығын түсіндірді.

Бүгінгі күні «Білімді ұлт» ұлттық жобасы дайындалды. Ол әртүрлі алаңдарда сарапшылармен, білім саласы мамандарымен, мұғалімдермен, жергілікті атқарушы органдармен жан-жақты талқыланды. Бұл жоба жайдан-жай пайда бола салған жоқ. Бұған дейін білімді және ғылымды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар болды. Оның нәтижесін де айта кетейін, - деді Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, 2016-2019 жылдардағы, 2020-2025 жылдарға дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар бойынша нәтижелер, кемшіліктер туралы ақпараттар министрліктің сайтында жарияланады.

Сонымен қатар «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасы туралы да мәліметтер, оған бөлінген бюджет көлемі сайттан ашылған арнайы бетте жарияланып отырады.

БҒМ басшының сөзінше, мемлекеттік бағдарламада болған көрсеткіштер ұлттық жобаға көшіріліп отыр.

Ұлттық жобада білім саласын дамытуға арналған концепция бекітіледі. Ол биылғы жылдың соңында дайын болады, - деп атап өтті Аймағамбетов брифингте.
Ұлттық жоба 5 бағыттан тұрады:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі және сапасын қамтамасыз ету.

2) орта білім беру сапасын арттыру.

3) мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету.

4) қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету.

5) қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Өзгелердің жаңалығы