Аналарға рухани тәрбие беру маңызды – Алтын Каникар

21 Қазан 2021, 11:56
2929
Бөлісу:
Аналарға рухани тәрбие беру маңызды – Алтын Каникар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында коуч-мотиватор, «KANIKAR club» әйелдер клубының жетекшісі Алтын Каникар мәлім етті. 

Ол қазіргі қоғамда көпбалалы аналар туралы қалыптасып отырған пікірлер алаңдататынын айтты. 

Мен өз тағдырым, өмір жолым арқылы – көпбалалы болу бақыт екенін, біздің елімізде ешкімге қол созбай өмір сүруге болатынын жеткізгім келеді. Төрт жылдан бері «Әйел бақытты болса, бала бақытты, бала бақытты болса ел бақытты» деген тақырыпта  жұмыс жасап жүрмін. Нақтырақ айтар болсам, әйелдер қауымы үшін тұлғалық даму мен рухани өсу ортасын жасап отырмын. Осы тұжырымды клуб арқылы таратып жүрмін, - деді  Алтын Каникар Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Маманның сөзінше, клуб жұмысы әйел адамның үйде отырып білім алуына, кәсібін әрі қарай онлайн жалғастыруға арналған.

Біздің  клубқа көпбалалы, жалғызбасты аналар және осал топтардағы жандар келеді. Біз ең алдымен, оларды стресстен арылту, өмірге құлшынысын  арттыру үшін психологиялық тренингтер өткіземіз. Содан кейін бағыт-бағдар беріп, өз кәсібін табуға жол сілтейміз. Бір жарым жыл ішінде 20 000-ға жуық әйелге қолдау көрсеттік. Олардың арасында өз кәсібін ашып, жұмысын бастап кеткендер де бар,- деді ол.



Өзгелердің жаңалығы