Пандемия кезінде отандық электрондық кітапхананы әлемнің 100-ден астам елі пайдаланған

21 Қазан 2021, 15:58
1577
Бөлісу:
Пандемия кезінде отандық электрондық кітапхананы әлемнің 100-ден астам елі пайдаланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда кітапхананың оқырмандарға ұсынатын онлайн қызметін жетілдіру мәселесі өзекті.

Осыған орай министрлік Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының қызметін жетілдіру, түрлендіру және оқырмандар үшін мобильді қосымшалар арқылы электрондық кітапхананы қолжетімді ету жұмыстарын жүргізетін болады, - деді министр.

Айта кететін жайт, пандемиялық шектеулер кезінде еліміздің Ұлттық электрондық кітапханасының қызметін пайдаланушы оқырмандар саны 4 есеге өскен. Сондай-ақ оны Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия, Финляндия, Германия, Болгария, Румыния, Жапония, Оңтүстік Корея секілді әлемнің 100-ден астам елінің оқырмандары пайдаланған.

Ал елімізде 2007 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы» ақпараттық жүйесі коронавирус пандемиясына орай енгізілген төтенше жағдай кезінде еліміздегі және шетелдік оқырманға қазақстандық авторлардың шығармаларын қолжетімді етіп, кітап оқу мәдениетін насихаттауда үлкен рөл атқарған.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде отандық анимациялық бірлестік құрылатындығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы